• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:55:29
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 NEWS

Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілімен кездесті

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында орныққан мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше аталды

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында орныққан мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше екенін атап өтті.

– Биыл біз тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезең ішінде Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар орнату үшін барлық шараларды атқарып келеміз. Елордамыз Астананы салуға қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіреміз, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық қорғау органдары арасында байланыстар орнатудың маңызды екенін атап өтті.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың сәлемін жеткізіп, елдерінің екіжақты табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ниетті екенін айтты.

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір