• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:43:00
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 Саясат

Елбасы ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Елбасы Конституциялық Кеңестің Ата заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екеніне тоқталып, оның әлеуетін арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.

Кездесу барысында Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевқа  конституциялық реформаның жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ Конституциялық Кеңес қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордағы сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңестің Ата заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екеніне тоқталып, оның әлеуетін одан әрі арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.

– Парламенттің, еліміздегі мемлекеттік органдардың қабылдаған бүкіл заңдары мен нормативтік құқықтық актілері Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір