• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:29:45
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 NEWS

Елбасы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан басшыларын жеке-жеке мақтап шықты

«Біз үнемі бір-бірімізді қолдап, бірлесе жұмыс атқаруымыз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларын Ақордада қарсы алып, бүгінгі кездесудің маңыздылығына тоқталып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

– Бүгін Астанада Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері мен Түркменстан парламенті басшысымен кездесіп отырмыз. Еліміздің астанасында сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуін өткізу бастамасын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев көтерген болатын. Бүгін өздеріңізбен ақылдаса отырып, көптеген мәселенің шешімін табамыз. Соңғы рет 9 жыл бұрын кездесіп едік. Содан бері жиналғанымыз осы. Әрине, бір-бірімізбен қарым-қатынасымызды үзген жоқпыз, кездесіп, араласып тұрдық, алайда барлығымыз жиналған басқосу болмады. Бүгінгі жұмыс тәртібімізді былайша жоспарлауға ұсыныс білдіремін: ең алдымен мен пікірімді айтайын, кейіннен әркім өз қалауы бойынша сөйлесін, - деді Елбасы өзінің кіріспе сөзінде.

Ары қарай Нұрсұлтан Назарбаев осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі кездесудің мақсатын айтып өтті.

– Қазақстан қашан да көршілерімен тығыз экономикалық қарым-қатынас орнатуды көздеген. Әсіресе, түбіміз бір, мәдениетіміз бен тарихымыз ортақ болған Орталық Азия мемлекеттерімен. Мұндай кездесулердің басты себебі – біріншіден, мемлекеттердің потенциалын біріктіру; екіншіден, өзара сауда-саттық айналымын ұлғайту; үшіншіден, мемлекет қауіпсіздігін нығайту; төртіншіден, аталмыш елдердің халқын жақындастыру. Соңғы жылдары бұл елдердің арасында саяси қатынас нығая түскеніне қуанамын.

Мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төраға қызметін атқарған кезімде біздің министрлерді Нью-Йорк қаласында көріп қуанып қалдым, бұл үлкен қолдау болды. Сондықтан біз үнемі бір-бірімізді қолдап, бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Былтырғы наурыз айынан бастап бір жылдың ішінде Орталық Азия елдерінің басшылары бір-бірімен кездесулер өткізді. Көршілес елдер арасында Өзбекстан басшысының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Соңғы 20 жылда шешімін таппаған көптеген мәселенің басын ашып берді. Сонымен қатар Қырғызстан елінің жаңа басшысының да атқарған істерін атап өтуге болады. Тәжікстан п«резиденті Эмомали Рахмон мырза да биыл су мәселесіне қатысты өте жоғары деңгейдегі конференция ұйымдастырып отыр. Біз оны қашан да қолдаймыз. Биыл Аралды құтқару ұйымына 25 жыл толып отыр, – деді Елбасы.

Айта кетейік, Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшыларының консультативтік кездесуі 5 мемлекет арасындағы экономика, сауда-саттық, инфрақұрылым, логистика саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір