• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:05:20
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2018 NEWS

Елбасы Малайзияның жаңа Премьер-министрін жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты Парламент сайлауында «Үміт альянсы» коалициясының жеңіске жетуімен және Малайзия Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Сайлау нәтижелері Сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның келешекте жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Бұған Сіздің 1981-2003 жылдарда Малайзияның қарқынды дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз дәлел бола алады.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадқа жауапты лауазымда табыс, ал Малайзия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір