• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:27:01
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

Экс-министр Бишімбаев мемлекетке 1,2 млрд. теңгені қайтарып берді

Шығын түгелімен қайтарылды. Іс бойынша айыпталған 23 адамның 20-сы өз кінәларын мойындады.

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев қылмыстық іс бойынша 1,2 миллиард теңге көлемінде өтемақы төледі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Today.kz порталының мәліметіне сүйенсек, бұл туралы тоғыз айдағы қызметтің қорытындысы жайлы өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті директорының орынбасары Талғат Серікбаев мәлімдеді.

«Бишімбаев қылмыстық ісін тергеу аясында мемлекет кірісіне 1,2 миллиард теңге көлемінде келтірілген шығын қайтарылды», - деді Серікбаев. Кінәлі тарап қаражатты өз еріктерімен мемлекет кірісіне құйған. 

Шығын түгелімен қайтарылды. Іс бойынша айыпталған 23 адамның 20-сы өз кінәларын мойындады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір