• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:34:51
Алматы
+35°

12 Маусым, 2018 Әлем

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын Корей түбегі туралы құжатқа қол қойды

Қол қойылған құжаттамада Корей түбегін ядролық қарудан тазарту міндеттемесі туралы жазылған.

Ким Чен Ын мен Дональ Трамп Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қол қойылған құжаттамада Корей түбегін ядролық қарудан тазарту міндеттемесі туралы жазылған. Алайда құжаттың ішінде американдықтардық Пхеньяннан ядролық қару мен континентаралық балистикалық ракеталардан түбегейлі бас тартуына қол жеткізуі туралы бірде бір сөз жоқ.

«27 сәуірде қабылданған Пханмунджом декларациясын растай отырып, Корей түбегін ядролық қарусызданыру үшін тиісті шараларды жүргізу міндеттеледі», - деп жазылған Ким Чен Ын мен Трамп қол қойған құжатта.

Биыл сәуір айында Пханмунджомдағы келіссөзде екі ел басшылары  Солтүстік Корея Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша халықаралық қауымдастықпен бірлесе жұмыс жасауға уәде еткен декларацияны қабылдаған болатын.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір