• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:25:21
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 Аймақтар

Д.Назарбаева цифрлық ұрпақ туралы Еуразиялық Медиа форумда айтты

Дариға Назарбаева XV Еуразиялық медиа форумның ашылуында цифрлық ұрпақтың бүгінгі келбеті туралы айтты

Дариға Назарбаева XV Еуразиялық медиа форумның ашылуында цифрлық ұрпақтың бүгінгі келбеті туралы айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, бүгінгі БАҚ осыдан бірнеше жыл бұрынғыға түбегейлі ұқсамайды.

Форумның өтуіне тікелей ат салысқан ұйымдастыру комитетінің төрайымы болған Дариға Назарбаева өз құттықтауын айта келе: "Ашық интернет алаңы, жалпы жұртшылыққа мүмкіндік беріп отыр. Қандай саланың адамы болмасын, ірі журналистпен бәсекеге түсіп, үлкен басылымдардың тираж жоғалтуына әкеліп жатыр"-деді.

«Біздің айналамыздағы өзгерістерге келсек, бұл туралы айтатын нәрсе жетерлік. Ақпарат құралдары түбегейлі өзгерді. Ең алғаш рет 2002 жылы Алматыда бас қосқанда iPhone да, Facebook те, Instagram да, WhatsApp та болмаған. Бұл жаңа технологиялар біздің өмірімізге айналдырған бір-екі жылда еніп, ажырамас бөлігіне айналды. Пейджер деген сөз ұмытылды. Телефондарды тек көне фильмдерден көреміз. Теледидар жәшігі "сұйық" экранға айналды. Смартфон қазір қалтаға сыйып кететін компьютер», - деді ол.

Дариға Назарбаева бұл өзгерістердің қазіргі ұрпақ өміріне қалай ықпал етіп жатқанын айтты.

«Біз бала кезімізде қуыршақпен қалай ойнадық. Тура солай қазіргі балалар девайстерден ажырамайды. Әлемдік медиатұтыну өзге кейіпке енді. Қазіргі цифрлық ұрпақ ақпараттар әлемін көз ілеспес жылдамдықпен меңгеріп келеді. Бұл ұрпақ дәстүрлі немесе балама ақпарат көздерін қатар пайдаланады. Олар ғаламтор мүмкіндігін қалыптағы жағдай етіп қабылдайды», - деді Д.Назарбаева.

Айта кететін болсақ, Дариға Нұрсұлтанқызы 15 жылдан бері үзбей өтіп келе жатқан Еуразиялық медиа форумның тікелей ұйымдастырушы катализаторы. Осы жұмыстар аясында ЕМФ спикерлері қатарында: Ислам республикасының экс-президенті Иран Мохаммад Хатами, Ауғанстанның 12-ші президенті Хамид Карзай, американдық дипломаттар Ричард Холбрук пен Ричард Перл, АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені Харольд Форд, Ұлыбританияның Сыртқы істер экс-министрі Джек Стро, Грецияның Туризм экс-министрі және Парламент мүшесі  Ольга Кефалоянни, британдық футуролог Рэй Хаммонд, Владимир Познер, Максим Шевченко, Михаил Леонтьев, Питер Лавель, Пола Слиер, Стивен Коул, Ник Гоуинг сынды танымал журналистер, ИТАР-ТАСС ақпараттық агенттігінің жетекшілері Виталий Игнатенко мен Михаил Гусман, жазушы Шыңғыс Айтматов, РФ Үкіметінің бұрынғы басшысы Евгений Примаков, ОДКБ бас хатшысы Николай Бордюжа, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Збигнев Бжезинский және т.б. болды.

Ал, нақты биылғы форумның қатысушылары қатарында – мемлекеттік қайраткер, экс-премьер-министр, Италия парламентінің сенаторы Маттео Ренци, БАҚ бостандығы бойынша ЕҚЫҰ (ОБСЕ) өкілі Арлем Дезир, америкалық политтехнолог, Барак Обама президенттігі кампаниясының екеуінде де кеңесші болған Роджер Фиск, Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саймон МакДжи, Грузияның экс Білім министрі Хатия Деканоидзе, ВВС телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы Гэвин Хьюитт, халықаралық саясат бойынша француз сарапшысы, Le Figaro газетінің шолушысы Рено Жирар, Жапонияның тұрақты энергетиканы дамыту институтының директоры Тецунари Иида, ресей журналисті, продюсер, әрі тележүргізуші Софико Шеварднадзе, сенатор, АҚШ-тың Қытай Халық Республикасындағы елшісі Макс Баукас, БҰҰ халықаралық «БҰҰ – әйелдер» бөлімінің Орталық Азия бойынша басшысы Илейн Конкиевичдер болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір