• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 20:22:39
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2017 NEWS

Дін істері министрі парамен ұсталған Бауыржан Мусин жайлы пікір білдірді

Дін істері және азаматтық қоғам министрі парамен ұсталған қарамағындағы лауазымды шенеунікке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды

Дін істері және азаматтық қоғам министрі парамен ұсталған қарамағындағы лауазымды шенеунікке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды КТК жаңалықтары.

 Комитет төрағасының орынбасары Бауыржан Мусиннің қолына бірнеше күн бұрын кісен салынған болатын.

Өйткені шенеуніктің көлігінің тартпасынан 400 мың теңге табылған. Бұл - параның бір бөлігі екен. Негізі ауызбастырық 1 жарым миллион теңге болыпты. Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары осы сомаға тендер алып бермек болды дейді тергеушілер. Ал министр Ермекбаев қарамағында істеген Мусинге шаң жуытпай отыр. Айтуынша, оған ведомстваны материалдық техникалық жабдықтармен қамту тапсырылған. Сондықтан құжатпен асығамын деп жүріп қателесуі мүмкін. Тіпті 31 жастағы шенеунікті басшысы сауатты маман деп мақтап отыр. Әзірге шатылып жатқан атқамінер қызметінен қуылмаған.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Оны сот шешеді. Менің атайын дегенім, Мусин мырза не мемлекеттік, не әлеуметтік тапсырыс бөлу мәселелеріне, не гранттарды бөлуге еш қатысы болған жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір