• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:01:05
Алматы
+35°

21 Қазан, 2017 NEWS

Денис Тен қатысатын мәнерлеп сырғанау турнирін «QAZSPORT-тан» тамашалаңыз

20-шы қазаннан бастап желтоқсан айының соңына дейін мәнерлеп сырғанаудан «Rostelecom Cup-2017» Гран-при сериясының кезеңі өтеді.

20-шы қазаннан бастап желтоқсан айының соңына дейін мәнерлеп сырғанаудан «Rostelecom Cup-2017» Гран-при сериясының кезеңі өтеді. «Rostelecom Cup-2017» биылғы Гран-при сериясын бастайтын алғашқы жарыс болмақ. Әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары Ресей астанасы Мәскеуде бас қосады,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

qamshy.kz

Атап айтсақ, Қазақстанның намысын ел мақтанышы Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева қорғамақ. Денис Тен 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері,  мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының және 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың чемпионы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ал, Элизавета Тұрсынбаева Қазақстанның үш дүркін чемпионы және 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

qamshy.kz

Сондай-ақ, жарысқа ерлер арасындағы 2014 жылғы Олимпиада чемпионы және қазіргі әлем чемпионы жапониялық Юдзуру Ханью және қыздар арасында екі дүркін әлем чемпионы ресейлік  Евгения Медведева бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір