• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:33:34
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 Спорт

Денис Тен: Кореядағы Олимпиадаға орала алмаймын ба деп қорыққанмын

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында жарыс жолын аяқтады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында жарыс жолын аяқтады, деп 24.kz-ке сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол қысқа бағдарламадан соң финалға өте алмады. Бұл жөнінде спортшының өзі Instagram-да былай деп пікір білдірді.

«Бүгін мен үшін жарыс жолы аяқталды. Өмірімнің кезекті бөлігі де тәмам. Жарты жыл бұрын ауруханаға түскенде, Кореяға Олимпиадаға қатысу үшін орала алмаймын ба деп қорыққанмын. Бұл маусымды тек бір мақсат үшін – Пхенчхан 2018-ге тап болуға арнадым. Бәрі ойдағыдай болмаса да, ойындарға қатысуымның өзін жетістік деп білемін және мұнымен мақтанамын. Бәріне бірден қол жеткізгім келген. Сол үшін денсаулық, күш, назарды құрбандыққа шалдым. Бәрі бірдей ақталған жоқ, аздаған өкініш те бар», – дейді Тен.

Сөз соңында Денис Юлия Галышеваны жүлдесімен құттықтап, қазақстандық өзге спортшыларға сәттілік тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір