• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:26:56
Алматы
+35°

27 Қаңтар, 2018 NEWS

Денесінен 13 ине табылған 11 айлық сәби көз жұмды

11 айлық баланы қатты дене қызуымен Ферғана облыстық ауруханасына жеткізген болатын

Күрделі ота барысында денесінен 13 тігін инесі табылған емізулі бүлдіршін Өзбекстан елінің астанасы Ташкент қаласындағы жедел медициналық көмек көрсететін Республикалық ғылым орталығында көз жұмды. Бұл жайында сәрсенбі күні адам құқығы мен демократия институтының директоры Сайера Ходжаева өзінің Facebook парақшасында жазды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі rambler.ru сайтының мәліметіне сүйене отырып.

«Денесінен 13 ине табылған 11 айлық сәбидің өмірін сақтап қала алмадық», - деп жазады ол.

Естеріңізге сала кетсек, 11 айлық сәбиді қатты дене қызуымен Ферғана облыстық ауруханасына жеткізген болатын. Дәрігерлер баланы рентгенге түсіріп, денесінде 16 ине бар екендігін анықтаған. Сараптама нәтижелері ол инелердің баланың денесінде екі айдан астам уақыттан бері тұрғандығы белгілі болды.

Тоғыз сағатқа созылған күрделі ота барысында дәрігерлер баланың денесінен 13 инені алып, қалғанын тағы бір ота арқылы алып тастамақ болған. Балалар бөлімінің бастығы Хабибула Акимовтың айтуынша, бала ол иненің бәрін өзі жұтып қоюы мүмкін емес, себебі инелер баланың денесінің әр бөлігінде болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір