• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:07:26
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 NEWS

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

2018 жылғы 12-14 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Демалыс күндері найзағай мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мамырдағы шуақты және жылы күндер заматта жауын-шашынды және суық күндерге ауысады. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты ауа-райы күтіледі", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстық ауа-райынан кейін, сондай-ақ жаңбыр, кей жерлерде күшті екпінді жел соғып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық норма шегінде болады, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде 2 градусқа дейін қатқақ сақталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір