• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:47:05
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 Әлеумет

«Дайын президент!» – Елбасы Қостанайда өзінің «мұрагерін» кездестірді

«Қазақстанның болашақ президенті кім болады екен деп жүрсем, дәл алдымда тұр екен ғой! – деді Елбасы баланың басынан сипап.

Рудный балалар үйінің тәрбиеленушісін мемлекет басшысымен кездестіру үшін жаңадан ашылған Kostanay Plaza сауда үйіне әкелді. Оқиға 8 қарашада Елбасының Қостанай облысына іс сапары барысында орын алған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен сізбен кездескеніме қатты қуаныштымын, - деді 7 жастағы Коля Денисов. – Мен күреспен айналысамын, тенниске қатысамын және Қазақстанның болашақ президенті болғым келеді. Сіз секілді болу үшін не істеуім керек?»

«Қазақстанның болашақ президенті кім болады екен деп жүрсем, дәл алдымда тұр екен ғой! – деді Елбасы баланың басынан сипап. – Бұл бала – дайын президент!

13 қарашада «Наша газета» баспасының тілшілері Коля Денисовпен кездесіп, оның президентпен сөйлескендегі сезімін, әсерін біліп қайтты. Сондай-ақ не себепті президент болғысы келетінін сұраған.

«Мен президентті көргенде, қатты қуандым. Ол секілді болғым келетінін айттым. Ол үшін не істеуім керек екенін сұрағанымда, ол естіді, бірақ жауап бермеді. Меніңше, сабағымды жақсы оқуым керек.

Коля бүгіннен бастап болашағына бет алған. 7 жастағы балақай Рудный балалар үйінің маңайында орналасқан Мүмкіндік (Шанс) республикасының әкімі.

«Біздің балалар Мүмкіндік мемлекетінде тұрады. Өзіміздің президентіміз бар. Әр топтың өз әкімі бар. Ал Коля – әкімдердің ең кішісі», - деді балалар үйінің тәрбиеленушісі Флюра Сәлімгереева.

Мүмкіндік республикасында әкімді мемлекет тұрғындары тағайындайды. Ал ол өз орнында ұзақ қалу үшін балаларға үлгі болу керек. Тәрбиешінің айтуынша, Коля – өзгелерге үлгі болатындай саналы бала. Әкімдік қызметте болғанына осымен екі ай толған. Ал өзге балалар әдетте ұзаққа бармайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір