• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:22:36
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 Әлеумет

Дәурен Абаев: Қытайлардың Қазақстанға ағылып жатқаны – миф

Ақпарат және коммуникация министрі дәурен Абаев «Ашық әңгіме» бағдарламасында Қазақстандағы синофобия жайлы өз пікірін айтты.

Ақпарат және коммуникация министрі дәурен Абаев «Ашық әңгіме» бағдарламасында Қазақстандағы синофобия жайлы өз пікірін айтты.

Министрдің сөзінше, бұл факторлар Қытай жайында таралған дәлелсіз ақпараттардың кесірінен болып жатыр.

«Біріншіден, «қытайфобия» бағзы заманнан қалыптасқан үрдіс. Қытайға қатысты кез-келген «жағымсыз» ақпарат қазақстандықтардың желісінде бірден пайда болады», - деді министр.

Екінші фактор ретінде Абаев қазақстандықтардың қытай тілін білмейтінін атады.

«Екінші фактор – елімізде қытай тілін білетіндер, білгеннің өзінде жоғары деңгейде білетіндер аз. Сондықтан шын мәнінде жағдайдың қандай екені бізге беймәлім», - деп түсіндірді Абаев.

Министрдің ойынша, үшінші фактор – Қытайдың өзі туралы ақпараттық жоқтығы.

«Қытайда болғандар мен болмағандардың түсінігі екі түрлі. Сол себепті қазақстандықтардың көбі стереотиппен өмір сүреді. Қытайлардың Қазақстанға ағылып келуі – миф», - деді ақпарат министрі.

Бұған қоса Дәурен Абаев Қытай азаматтарына арналған визадан бас тарту мәселесін де сөз етті. Министрдің айтуынша, визасыз режімді алып тастау мәселесі көтерілген емес. Қытай мен Үндістан азаматтары Қазақстанға визасыз 72 сағатқа кіре алады.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір