• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:58:06
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2018 Саясат

Дархан Кәлетаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылының аясында бауырлас елдер арасындағы достықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізілетін болады.

Тұран даласын мекен еткен қазақ пен өзбектің мәдени һәм дініи байланысы ежелден етене жақын. Мемлекеттік деңгейдегі бауырластық Мирзеевтың президенттік кезеңінен кейін одан әрі жандана түсті. Биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болып жарияланғаны ағайынды қазақ-өзбек халықтарының арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтере түсетіні даусыз.

Бүгін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Дархан Кәлетаев екі ел арасында достық және бауырластық қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылының аясында бауырлас елдер арасындағы достықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізілетін болады.  

Кездесуде 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан мен Өзбекстанның Қауіпсіздік кеңестері арасындағы консультациялар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында діни қызметті реттейтін уәкілетті мемлекеттік органдар арасында меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.  

Д. Кәлетаев жақын арада ынтымақтастықтың басым бағыттарын көрсететін аталған Келісімге қол қойылатынына сенім білдірді.

Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаев екі ел жастарының форумын өткізу, діни туризмді дамыту бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесу соңында тараптар дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниет білдірді.

Айта кететін болсақ, наурыз айында ғана ҚМДБ бас мүфтиі Серікбай Қажы ораз Өзбекстанға жасаған ресми сапары барысында екі елдің мүфтилері дін саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты орнатуға арналған құжатқа қол қойған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір