• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:13:31
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 Алаш-Орда

Биыл «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл

«Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

2017 жылдың 22 қарашасы күні 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Елбасының «Болашаққа баңдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады.


Конференцияның мақсаты – Шоқан Уәлиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бастап Әлихан, Міржақып, Ахмет тәрізді Алаш қайраткерлерінің ұлттық идея және дін мәселелері жайындағы ой-толғамдарын ортаға салу, ғалымдардың қатысуымен талқылау. Алаштықтар ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақты оятып, ұлттық мемлекет құру мәселесін қойды, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттарын қарастырды. Олар жастардың тарихы мен тамырын терең біліп, сапалы білім алып, кәсіп игеріп, бай-бақуатты болуын аңсады. Сол өзекті мәселелер арада бір ғасыр уақыт өтсе де сол қалпында маңызды болып қалып отыр.


Конференцияның негізгі мәселелері мен бағыттары:


- Алаш идеясының мәні және қалыптасу кезеңі; 
- Алашордалықтардың ұлттық идея және дін мәселесіндегі ұстанымдары; 
- Алаш идеяларының бүгінгі күнмен тарихи сабақтастығы.
Конференцияға Хангелді Әбжанов, Талас Омарбеков, Светлана Смағұлова, Болатбек Нәсенов, Еркін Ермұханов және т.б. белгілі тарихшылар қатысады.

«Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай
«Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концерті өтеді.

2017 жылдың 22 қарашасы күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концерт ұйымдастырады.

Дәстүрлі музыкалық концерттің мақсаты – азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалған композиторлардың тағдырлы шығармалары мен тәуелсіздік, ұлт тағдыры турасындағы халықтық ән-күйлерді ел назарына ұсыну. Сонымен қатар атауы шарада жас толқынға өз тарихын танытып, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру ісі басты мақсаттың бірі болмақ.

Концертке Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева, Талғат Мұқышев, Амангелді Күзеубай және тағы басқа белгілі өнер иелері қатысады деп күтілуде.

qamshy.kz

Қосымша ақпарат: Атаулы концерт аясында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алаш Орданың» 100 жылдығына арналған қолөнер көрмесі ұйымдастырылады.  


Байланыс: +77022702102, +77072702102
Электронды мекен-жай: [email protected]

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір