• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:25:28
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2018 NEWS

Бүгін сағат 21.30-да «Хабар» арнасында «Тасөткел» телехикаясы басталады

Шынайы оқиғаға негізделген картинада бала күнінде Ауған асып, өзге елден пана іздеуге мәжбүр болған Қасым деген қазақ жігіттің өмірі баяналады

Телехикаяда XX ғасырдың алғашқы жартысында ұжымдастырудың қиындықтарын өз бастарынан өткерген отандастарымыздың тағдыры суреттеледі.

Шынайы оқиғаға негізделген картинада бала күнінде Ауған асып, өзге елден пана іздеуге мәжбүр болған Қасым деген қазақ жігіттің өмірі баяналады.

Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық барысында басты кейіпкер Түркия еліне өтіп, отбасын құрып, сол жақта тұрақтайды. Бірақ оның бар өкініші өзінің кім екенін ұмытып қалуында еді. Ұзақ жылдардан кейін қазақтың құдіретті күйінің күмбірін естіп, жадынан өшкені қайта оралып, туған жерге табан тірегісі келеді.

Телехикая «Хабар» телеарнасында бейсенбі-жұма аралығы 21.30-да көрсетіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір