• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:55:33
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2018 NEWS

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа сапасы жақсарады

Сейсенбі, 24 сәуір күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның көптеген қалаларында ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Сейсенбі, 24 сәуірде метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның көптеген қалаларында ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің дерегін негізге алып. 

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Ақсу, Орал, Шымкент, күндіз Қарағанды, Теміртау қалаларындағы метеожағдайлар, атмосферада ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Алматы, Балқаш, түнде Қарағанды және Теміртау қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына әсер етеді. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір