• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:41:34
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 Саясат

Бүгін Мәскеу соты Жомарт Ертаевтың ісін қарайды

Ертаев жасаған қылмысы үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мәскеу қалалық соты бүгін халықаралық іздеуде жүріп Ресейдің астанасында тұтқындалған  «Bank RBK» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты қамауға алу туралы шағымды қарайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сот отырысы Мәскеу уақытымен сағат 14:50 (17:50) өтеді.

Мәскеудегі Пресненский соты 11 мамырда Ертаевты түрмеге отырғызудан бас тартып, үй қамауына алған болатын.

Ертаевтың қорғаушысы оны тұтқындамағанын және бизнесмен Ресейде босқын мәртебесін алу туралы өтініш жазғанын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның тергеу бөлімінің бастығының орынбасары Асхат Жұмағалиев бұған дейін Ертаевқа «РБК» банкінен ақша ұрлады деген айып тағылғаны туралы хабарлады және Қазақстан оған қатысты рәсімдерді ресейлік құқық қорғау органдарының көмегімен ұзартқан.

Ертаевқа қарсы осы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір аптадан кейін бизнесмен халықаралық іздеу тізіміне енгізілді. Осы бапқа сай ол он жылға дейін бас бостандығынынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, Ресейлік құқық қорғау органдары Жомарт Ертаевты 8 мамырда Мәскеу қаласының маңында Красногвардейский көшесінде тұтқындаған болатын.

 

Ресейлік құқық қорғау органдары Ертаевты 8 мамырда Мәскеу қаласының маңында Красногвардейский көшесінде ұстады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір