• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:26:39
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 NEWS

Бүгін Алматыда жас ақындар айтысы өтеді

Дәстүрлі айтысқа республикамыздың 23 жоғары оқу орнынан 40-тан аса студент ақын қатысады.

16 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Менің пірім – Сүйінбай» ІІ республикалық жас ақындар айтысы өтеді.

Еліміздегі тұңғыш ЖОО – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне биыл 90 жыл. Қазақ жоғары білімінің қарашаңырағы саналатын оқу ордасы – өз тарихында республика мектептері үшін 200 мыңнан астам мұғалім, ғылыми мекемелерге арнап 3 мыңнан аса ғылыми кадр даярлаған бірегей білім ордасы.

Мерейлі жыл аясында терең тарихы бар, ұлттық тәрбиенің ұйытқысы болып отырған білім ордасында республикалық, халықаралық деңгейдегі іргелі мәдени, ғылыми, әлеуметтік, қоғамдық, танымдық және спорттық іс-шаралар өткізілмек.

90 жылдық мерейтойдың бастауы ретінде төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдау мақсатында 2018 жылдың 16 ақпанында республикамыздың жоғары оқу орындарының жас ақындары арасында «Менің пірім – Сүйінбай» тақырыбында дәстүрлі ІІ республикалық жас ақындар айтысы өткізіледі.

Дәстүрлі айтысқа республикамыздың 23 жоғары оқу орнынан 40-тан аса студент ақын қатысады.

Аламан додаға түсетін жас ақындар айтысына Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер» одағының басқарма төрағасы, әйгілі ақын Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы төрелік етеді. Жүргізуші – айтыскер ақын Шұғайып Сезімхан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір