• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:02:51
Алматы
+35°

10 Шілде, 2018 Аймақтар

БҚО-дағы кітапханалар модельді жүйеге көшуде

Модельді кітапхана – оқырмандарға қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты

Астана күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында  жаңа үлгідегі модельді кітапхана ашылды.

Модельді кітапхана жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады. Ғылыми-техника дамыған заманда  аталмыш кітапхананың маңызы зор екені анық. Әсіресе, оның ерекшелігі - мұнда  кітаптардың электронды ақпараттар қоры қалыптастырылып, кітапханалық қорлар дамытылады, материалды-технологиялық база нығайтылып, оқырмандар ғаламтор жүйесін пайдалана алады. 

Ауыл халқын Астана күні мерекесі қарсаңындағы қуаныштарымен құттықтаған Қазталов ауданының  әкімі Абат  Шыныбеков модельді кітапхана ауыл оқырмандарының сұранысына қызмет етіп, жаңа жүйеде жұмыс жасауларына тілектестігін жеткізді.

- Адам баласы кітап оқымай, тек қана ғаламтор немесе теледидармен білімді бола алмайды. Сондықтан, ұрпағымыз күн сайын кітап оқып, үнемі ізденісте болу керек. Бүгінгі ашылып отырған модельді кітапхана мектеп пен ауыл тұрғындары үшін аса қажет рухани орда, -деген аудан басшысыЖалпақтал ауылдық кітапханасына модельді кітапхана статусы берілгендігі туралы сертификаттын табыс етті. Жалпақтал жұртшылығы үшін модельді кітапхананың ашылуы үлкен қуаныш. Кітапхана рухани орда заманауи талапқа сай жабдықталған және қызықты деген кітап-журналдардың барлығын да осы жерден табуға болады. Жергілікті тұрғындардың көркем әдебиетке, жалпы кітап оқуға деген қызығушылығы артады деп сенеміз,- деді Абат Абайұлы.

Модельді кітапхана – оқырмандарға қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Бүгінде Жалпақтал кітапханасында 30 мыңның үстінде кітап қоры бар. Оқырмандар кітапханада сондай-ақ,  ғаламтор жүйесін де пайдалана алады.Лента қию рәсімінен соң қонақтар жаңадан ашылған кітапхананы аралап, ондағы бөлімдермен танысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір