• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:08:53
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 Аймақтар

БҚО-да мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті әдісі тиімді қолданылуда

Енді фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыра бастаған болатын. Айта кетсек, бұл  қызметті бірінші болып бала туған ата-аналар пайдаланған еді. Оралдық Әлия Кәрімова есімді жас ананың айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудегі жаңа тәсілдің тиімді тұстары көп. Жаңа босанған аналар «Электронды үкімет» порталына тіркелген жағдайда барлық қажетті құжаттарды sms-хабарлама жіберу арқылы рәсімдей алады. Яғни ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына sms-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.

-«Электрондық үкімет порталы» барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді sms-хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Бұған дейін бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс болатын. Проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтерді тұрғындар sms-хабарлама арқылы ала алады. Бірақ sms-хабарлама алу үшін азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс», – дейді БҚО «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаров.

Осы қызметтің көмегін алғаш болып пайдаланған оралдық жас анаға туу туралы куәлік те табыс етілген еді. «Бір терезе қағидатын өмірдің барлық саласында енгізу, цифрландыру үдерісін одан әрі дамыту, электронды үкімет саласын жетілдіру сияқты міндеттер кешегі елбасы жолдауында да кеңінен көрініс тапты. Бұл сайып келгенде адамдардың алтын уақытын үнемдеп, өмір сүру сапасын арттыра түсері сөзсіз», – дейді мамандар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір