• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:31:23
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 Аймақтар

БҚО-да бизнеске қолдау мол

Облыс бойынша бизнес бастауға жалпы сомасы 441,3 млн. теңгеге 188 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

Биыл БҚО-да  «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 2071 адамды оқыту жоспарланған. Бұл көрсеткіш былтыр 938 адамды құраған болатын. Бұл туралы бірқатар мәселелерді көтерген БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Сәкен Карин, өңірдегі кәсіпкерлік секторын, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту туралы ұсыныстарымен бөлісті.

Сәкен Әбуханұлы айтып өткендей, соңғы жылдары шағын және орта кәсiпорындардың облыстың экономикасына қосқан үлесi айтарлықтай өскен. 2016 жылы өңірдегі шағын және орта бизнес құрылымындағы жалпы өңірлік өнім үлесі 42% құраған екен. Соңғы екі жылда сауда айналымы динамикасы экспорттың 31%-ға өскенін, импорттың 5,6%-ға төмендегенін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында кәсіпкерлікті қорғау саласында 71 жазбаша өтініш қаралып, оның 30-ы (42%) оң шешімін тапқан. Қорғалған меншік құқығы 107 млн. теңгені құрап отыр. Өткен жылы жазбаша өтініштердің азайғаны байқалады. Облыста мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бағытында да жоспарлы жұмыстар қолға алынған. Бүгінде бұл сала бойынша жалпы сомасы 19 125 495 мың теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылуда. Оның 7-уі білім беру, 3-уі денсаулық сақтау саласына бағытталса, қалғаны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика, жолдар, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласына тиесілі.

– Облыс бойынша бизнес бастауға жалпы сомасы 441,3 млн. теңгеге 188 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. 14 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде барлығы 216 ӘКК жұмыс істейді, оның 8-і сүт өндіру бағыты бойынша, 168-і селекциялық бағытта, 31-і бордақылау,9-ы өсімдік шаруашылығы бойынша жұмыс жасайды. Күні бүгін ӘКК-лерге мал бордақылауға 2748,0 млн. теңге, аналық ірі қара мал сатып алуға 988,3 млн. теңге несие берілді. 2018 жылы сүт жинау пунктін ашу, мал бордақылау, асыл тұқымды мал басын өсіру, мал сою алаңдарын салу, ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, жем-шөп тасымалдарын ұйымдастыруға көлік құралдарын сатып алу, ет өңдеу зауытын салуға бағытталған 11 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру көзделуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға республикалық бюджеттен 4014,0 млн. теңге бөлінді, – деді Сәкен Карин.

 Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір