• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:04:49
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 NEWS

Бойжеткен сүйіктісіне романтикалық кешкі ас дайындап, өз-өзіне қол салды

Жас фармацевт бойжеткен сүйіктісін романтикалық кешкі асқа шақырып, өзі Тенерфитегі демалыс кезінде өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды

Жас фармацевт бойжеткен сүйіктісін романтикалық кешкі асқа шақырып, өзі Тенерфитегі демалыс кезінде өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Виктория Смит

28 жастағы Виктория Смиттің мәйіті испандық демалыс аралындағы айлақтардың бірінен табылды. Daily Mail басылымының хабарлауынша, бойжеткен өлерден бірнеше ай бұрын иығы ауырып жүргендігін жиі айтып, көптеген мәселелер мазалап жүргендігін айтқан. Сонымен қатар, бірнеше күн бұрын ол 31 жастағы сүйіктісі Мэтт Акррайтпен баспана алуы үшін жылқысын сатқан екен. Викторияның жұмысында да көп қиындықтар болған – ол өзінің жұмысын жек көріп, жаңа орынды күтіп жүрген.

Виктория Смит

Виктория Смитті тірі кезінде соңғы болып Мэтт көрген. Бассейннің жанында журнал оқып отырған кезінде Виктория оған кешкі аста кездесетіндігін айтқан. Тергеу барысында, тергеуші бойжеткеннің ақыл-есінде ауытқулар пайда болып, оны қазіргі кездегі ең жаман ауытқушылық деп атаған. Белгілі болғандай, соңғы уақыттарда қыз антидепрессантарды жиі қолданып жүрген, алайда үй сатып алу мәселесіне байланысты үнемі қобалжу үстінде жүрген екен. Ал демалыс кезінде ол дәрілерді қабылдауды мүлдем тоқтатқан, соның салдарынан да осындай қайғылы жағдай орын алған.

Виктория Смит

«Біздің болашаққа көп жоспарларымыз бар еді. Рим қаласына саяхаттап баруды жоспарлап жүргенбіз және жаңа үйімізге жиһаздар таңдап жүр едік...», - дейді жігіті Мэтт Акррайт.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір