• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:58:13
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Бішкекте оқушылардың жаппай ұрланып жатқаны жайында ақпар тарады

Әйел адам өзінің жиенін белгісіз біреулер ұрлап кете жаздағанын, алайда көшеден өтіп бара жатқан ерлі-зайыптылардың тонаушыға бөгет болғанын айтқан.

Бішкектің құқық қорғау органдары оқушылардың ұрлануы жайында ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp әлеуметтік желісінде кәмелет жасқа толмаған балалардың ұрланып жатқаны жайында видеохабарлама жиі таралатын болды. Әйел адам өзінің жиенін белгісіз біреулер ұрлап кете жаздағанын, алайда көшеден өтіп бара жатқан ерлі-зайыптылардың тонаушыға бөгет болғанын айтқан. Келесі бір хабарламада Бішкек тұрғынының кішкентай қызы мектеп оқушыларының қалай тоналғанын өз көзімен көргендігі айталады.

«Біз бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Жақын уақытта бәрі белгілі болады», - деді астаналық милицияның баспасөз қызметінде.

Ресми деректерге сәйкес, жыл сайын Қырғызстанда 800 бала мен жасөспірімдер із-түссіз жоғалып кетеді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір