• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:19:47
Алматы
+35°

07 Маусым, 2018 Денсаулық

Біртанов науқасы темір төсекте жатқан аурухананың дәрігерін жұмыстан қуды

Біртанов нөкерлерімен таң ата тағы Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасына барды.

Темір төсекте төсенішсіз жатқан науқасты көрген денсаулық сақтау министрі аурухананың бас дәрігерін жұмыстан қуды, деп хабарлайды Еуразия телеарнасы.

Алматы облысына арнайы барған Елжан Біртанов аймақтағы барлық ауруханаларды өз көзімен көріп, жедел жәрдем көлігін сағаттап күтетін тұрғындардың шағымын да тыңдады. Менингит меңдеген мегополистегі жағдайды өзі бақылауға алды. Сондай-ақ, бас дәрігер бес жасар бала мен жеңгесінің өлімі дәрігерлердің таза қылмысы деп кесіп айтты. 


Министр ұшақтан түсе сала әуелі Талғар аудандық ауруханасына бет алды. Өйткені, бес жасар бала мен жеңгесінің өліміне туғандары дәл осындағы дәрігерлерді кінәлаған еді. Ыстығы көтеріліп, 40 градуспен түскен науқасты түн ортасында қабылдамай, Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасына жібергені бар. Оны естіген мининстр барлық әріптестерін сұрақ астына алды.

«Қалай болған сонда? Талғар ауданының тұрғынын Қаскелеңге қалай жібергенсіздер? Ешқандай елде жұқпалы ауруға шалдыққан науқасты тек жұқпалы аурулар ауруханасына қаралу керек деген қатып қалған қағида жоқ! Сіздердегі не заң ол?! Бұл қылмыс!» - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.  

Осылайша 19 жастағы қыздың өлімінен соң Талғар аудандық ауруханасының қатып қалған заңы өзгерді. Алайда, маман тапшы көрінеді. Бұл ауданнан соң Біртанов Есік қаласына, одан кейін №12 ауруханаға бас сұқты. Аяқ асты барса керек, түнгі 12-де сыртта кезек күткен науқас көп. Жағасын ұстаған министр үйінде ұйықтап жатқан дәрігерлерді жұмысқа шақырыңдар деп ашулана бұйырды.  

«Мына жерде қанша адам тұр? Бес жүзге тарта науқасқа үш дәрігер масқара ғой? Шақырыңдар үйінде жатқан дәрігерлерді! Қосымша орын ашыңдар дегеніме екі күн болды ғой? Жағдайды өздерің ушықтырып жатырсыңдар! Мұндағы үш-ақ адам менингитке шалдығуы мүмкін» - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.  

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы мен шенділердің мазасын түнгі үшке дейін алған Елжан Біртанов нөкерлерімен таң ата тағы Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Мұнда да жедел жәрдемді сағаттап күткен тұрғындар, әлі бір екпе егілмеген науқас көп. Министрді көріп бірінен соң бірі ботадай боздап шағымданды.   

- Міне, түнгі он екіде мен жылаған соң бір-ақ келді. Не болып жатыр? Не сұмдық? Соғыс па?  от 300 вызовов в сутки. Видимо передали как температура.  Слушайте, вы смотрите телевизор? Знаете что твориться в стране? 

Ол аздай, темір төсекте төсенішсіз жатқан науқасты көрген министр тіптен ашуланды. Аурухананың бас дәрігері олқылықтың орнын толтырамыз деп қанша түсіндірмек болғанымен, Ержан Біртанов қолын бір сілтеп, оны жұмыстан қуып шықты. 

- Прям пружинада жатыр.

- Мы исправимся. Случайно получилась

- поздно уже исправлятся работать надо. 

Сөйтсе, Қаскелеңдегі бұл аурухана өткен жылы тексеріс кезінде қатты сынға ілігіпті. Маусым айына дейін түзелемін деген дәрігерлерге 20 айлық есептік көрсеткіш айыппұл да салынған. Бірақ, еш өзгеріссіз. 

Ал, барлық ауруханаларды аралап болған соң министр журналистермен баспасөз отырсын өткізді. Жағдай бір қалыпты дейді. Бүгінге дейін 59 адам жұқпалы дертке шалдықса, 13 науқас қайтыс болған. Оның алтауы Алматы облысында. Бірақ, Біртановтың мазасын алған менингиттен мегаполис соңғы үш күнде тыныш. Оның өзін дәрігерлер ушықтырып жатыр деді»

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір