• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:54:00
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 NEWS

Бірнеше көлік соқтығысқан жерде селфи жасаған журналист жұмыстан қуылды

Қытайлық Weibo әлеуметтік желісінің қолданушылары жаппай автокөлік апаты болған жерде Фуян радиостанциясының тілшісі жасаған селфиді қатаң сынның астына алды.

Қытайлық Weibo әлеуметтік желісінің қолданушылары жаппай автокөлік апаты болған жерде  Аньхой провинциясындағы Фуян радиостанциясының тілшісі жасаған селфиді қатаң сынның астына алды. Бұл туралы кеше Shanghaiist хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Weibo қолданушыларына автокөліктер соқтығысқан жердегі тілшінің қолына прессаның бейджигін және тыныштық белгісін жасап тұрып, күлген суреті ұнаған жоқ. Олар:

«Сен өзің кәсіби этика дегеннің не екендігін білесің бе? Бұл жер не сен үшін күлкілі ме?» -деп кіжініп жатыр.

Осындай ашулы пікірлерден кейін қызды радиостанциядағы жұмыстан шығарып жіберді. Кетер алдында қыз кешірім өтінген кішігірім видеожазба қалдырып кетті.

«Сен шын көңілмен айтып тұрған жоқсың. Саған мүлдем сенбейміз. Бұл жағдайға сенің өзің ғана кінәлісің»,- деп ренжулі желі қолданушылары оған жауап жазды.

Автокөлік апаты 15 қарашада аньхойлық трассада орын алған. Жаппай көлік соқтығысы салдарынан бірнеше көлік отқа оранған. Оған өрт сөндірушілер 3 сағаттан астам уақыт жұмсады. Нәтижесінде апаттан ондаған адам зардап шекті. Жол апаты қалың тұман салдарынан болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір