• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:34:16
Алматы
+35°

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың бұйрығымен Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігімен және қалалық мәслихатпен келісіле отырып Бегімов Қайрат Баяндыұлы Жезқазған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Баяндыұлы 1968 жылы туған.  Екі жоғары білімі бар. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша өндіріс көлігінің инженері, экономист. 
Еңбек жолын «Қарағандыкөмір» бірлестігінде бастаған.  Октябрь ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары қызметінде болған. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс жасады. 
2015 жылдың шілде айынан бастап облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына басшылық еткен.

Батырлан Ахметов

Еске салайық, 21 мамырда бұрынғы әкім Батырлан Ахметов өз өтінішімен қызметтен кеткен болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір