• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:52:29
Алматы
+35°

30 Қыркүйек, 2017

Бейжіңдегі форумда Қазақ елі үздік атанып, И. Ескендір көк туды желбіретті

Әлемнің қай бұрышында жүрсекте туымызды биік, еңсемізді тік ұстайық!

Қытай астанасы Бейжіңде 22-28 қыркүйек күндері Азия және Африка елдерінің ынтымақтастық форумы өтті, деп жазады Qamshy.kz тілшісі. Қазақстан атынан қатысқан өнерпаздар елдің абыройын асқақтатып қайтты.

Аталған форум аясында өткен фестивалға 43 елдің өнерпаздары қатысқан. Аптаға созылған шара нәтижесінде қазақ елі өнерпаздары үздік атанған. Фестивалға қатысқан өнерпаздар арасында әнші Ибргаим Ескендір де бар. Instagram парақшасында «Азия және Африка елдерінің ынтымақтастық форум фестивальінің ашылу салтанаты сәтті өтті. Аталмыш шараға әлемнің 40-тан астам елдері қатысып отыр. Барлық қатысушы мемлекеттер ішінен төрт мемлекетке ғана құттықтау сөзі берілді. Оның бірі Қазақ елі. Еліміздің әлем алдындағы беделін шетелге шыққанда білесің. Әлемнің қай бұрышында жүрсекте туымызды биік, еңсемізді тік ұстайық!», - деп жазды әнші.

Әнші бөліскен видеодан Қазақтың көк байрағына жиналғандардың таңданыспен қарап, қайта-қайта суретке түсіріп жатқан қошаметін байқауға болады. 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір