• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:59:36
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Әлеумет

Байбек не деп жауап қатады? (видео)

"Нұр Отан" партиясы жастар мәслихатының басшысы Ерғазы Әзімханұлы Астана және Шымкент әкімдерімен ерекше видео ролик түсірді.

Қазақстанда 2018 жылдың 20 маусымынан бастап республикалық маңызы бар қалалардың қатарына Шымкент қосылды. Енді елімізде миллион тұрғыны бар үш қала бар. Ал ең ірі қалалардың әкімдері қандай? Халықпен бірге ме? Жауабын төмендегі видеодан да байқауға болатын секілді.

"Нұр Отан" партиясы жастар мәслихатының басшысы Ерғазы Әзімханұлы Астана және Шымкент әкімдерімен ерекше видео ролик түсірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол әкімдерден өздері басқарып отырған қалаларға баға беруін сұрады. Әкімдер сауалға әзіл түрде жауап берді: Астана әкімі Әсет Исекешев қаланы "Самая вышка" десе, Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Зың-зың" деп бағалады. 

Соңында Ерғазы Әзімханұлы Алматы әкімі Бауыржан Байбектен Алматы қаласын қалай бағалайтынын сұрады. Алайда әкім әлі жауап бермеді. Ал қазақстандықтар, әсіресе алматылықтар видеоның жалғасын күтеді. 

 

ШЫМКЕНТ - ЗЫҢ ҚАЛА?? АСТАНА - САМАЯ ВЫШКА ☝️? АЛМАТЫ - ??????? ____________________________________________ Құрметті достар осы 3 қала секілді барлық қаламыз мегаполис бола берсін МИЛЛИОНЕР атанып, (КІМ ҚАЙ ҚАЛАДАН?), ____________________________________________ Енді АСТАНАМЫЗДЫ - Самая вышка деп атайтын болдық @raimkzz @arturrkz міне бауырлар бұл да жетістік ?? _____________________________________________ Алматыға лақап ат тауып көрейік комментке ?????? @alibekovkz @kudaibergen_kairat @instavideo_kz @kazakh_dubsmash @kazpress @kaztwitter @krutye_agashki @kazakh_inform @tengrinewskz @today_kz @astana_akimat @akimat_almaty @akimat.shymkent #Астана #Алматы #Шымкент

A post shared by Ерғазы Әзімxанұлы? (@azimkhanovich) on

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір