• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:33:12
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 Аймақтар

Бауыржан Байбек Алматының стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

«Smart.Poin» технологиялық кеңістігінің алаңында бейресми түрде стартап - ортаны дамытудың барынша маңызды мәселелері талқыланды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек цифрландыру күндері аясында қаланың стартап - компанияларының өкілдерімен кездесті. «Smart.Poin» технологиялық кеңістігінің алаңында бейресми түрде стартап - ортаны дамытудың барынша маңызды мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні Алматы цифрландыруды енгізу және еліміздің барлық ІТ өнімдерін шығару бойынша көшбасшы. «Ақылды қала» концепциясы барысында қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім және денсаулық сақтау салаларында жүйелі цифрландыру жобалары іске асуда. Бұл креативті кәсіпкерлер мен стартаперлер үшін ірі нарық болып табылады.

Мегаполис басшысы жаңа технологияларды енгізу процестерді ашық жүргізуге және операциялық шығындарды азайтуға ықпал ететінін, сонымен қатар мемлекеттік аппарат пен бизнесте тиімді әкімшілікке қол жеткізетінін атап өтті.

«Мемлекеттің міндеті – бюрократтық кедергілерді барынша азайту, тиісті инфрақұрылымды қалыптастыру, бизнес бастамаларды ынталандыру. Ол үшін қалада түрлі қолдау шаралары жүзеге асуда, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар және механизмдер арқылы кәсіпкерлер қаржылық ресурстарға қол жеткізуде. Дегенмен, кедергілер де баршылық, ал оларды дұрыс шешу үшін біз жұмыс жасап жатқан компаниялар өкілдерімен ғана емес, істі енді ғана қолға алған стартаперлермен де тұрақты кездесеміз», - деді Бауыржан Байбек.

Алматылық стартаперлермен кездесу кезінде әлемнің оқу орындарындағы гранттар мен стипендиялар туралы ақпарат беретін «NeUpusti.net» сервисі, «Web-касса» касаалық аппараты, «Бухта» онлайн - бухгалтериясы, құжаттар мен адамдардың жүзін анықтайтын «Verigram» жүйесі, «Torgai» қаржы есебінің онлайн-платформасы, айыппұлдарды төлеу және тексеру жөніндегі «Okauto» сервисі таныстырылды..

«Nur.kz» порталының жаңа медиа - жобалары туралы оның бас директоры Қуат Бахридинов айтып берді. Жақын арада Қазақстандағы жаңа музыкалық стриминг сервисін және отандық контентке көшірілген видеоконтентті «video on demand» онлайн - алаңын жүзеге асыру жоспарланғанын жеткізді.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматы әкімдігінің кері байланыс пен практикалық міндеттерді шешу үшін мұндай кездесулерді тұрақты өткізіуге дайын екенін айтты. Өз кезегінде «Relog» компаниясының негізін қалаушы, көлік логистикасын оңтайландыру жөніндегі сервисті қамтамасыз етуші «Тәртіп» АҚ жұмыс істеудің күрделі екені туралы мәселе көтерді.

«Біздің өніміміз арнайы көлік логистикасына кететін шығынды азайтады, ал бұл тұрмыстық қатқыл қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын компания үшін өте тиімді. Оңтайландыру көлік бағытын ұтымды ұйымдастыру, мониторинг пен жүйедегі сараптама функциялары есебін дұрыс басқару барысында жүзеге асады», - деді Бауыржан Рүстемов.

Мегаполис басшысы тиісті басқармаларға қаланың коммуналдық қызметтерінде олардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін компаниялардың IT-өнімдерін пайдалану жөнінде тапсырма берді.

«Біз үшін «Ақылды қала» – тұрындар мен биліктің іске трансформациялық және мәдени тұрғыдан келуі. Технологиялар — бұл барлық басқару процесстерінің тиімділігін арттырудың құралы ғана. Біз сіздерден жаңа әрі пайдалы өнімдерді, креативті идеяларды күтеміз және өзгерстерге дайынбыз, осы жолмен бірге жүретін боламыз», - деп атап өтті қала басшысы.

«SmArt.Point» жобасы - бұл технологиялық кеңістік немесе IT-хаб, оның құрамына жоғары технология мен креативті бизнес саласындағы 40 компания енген. Орталық тәулігіне 24 сағат бойына, аптасына жеті күн ішінде істейді. Мұнда сөйлесетін бөлмелер, ойын алаңдары, спорт залы бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір