• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:20:24
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2016 Дәстүр

Бас табақ

Бас табақ – қазақтың қонақ күту, сыбаға сыйлау дәстүрінде, ата салтында үйге кісі, сыйлы қонақ, ауыл ақсақалы келгенде, не алыстан өте құрметті, қадірлі...

Бас табақ – қазақтың қонақ күту, сыбаға сыйлау дәстүрінде, ата салтында үйге кісі, сыйлы қонақ, ауыл ақсақалы келгенде, не алыстан өте құрметті, қадірлі қонақ келгенде, не оларды арнайы қонаққа шақырғанда ақсарбас қойын сояды. Қой соярдан бұрын тірі малды есіктен алып кіріп, төрде жайғасып отырған қонақтарға басын қаратып тұрып бата сұрайды. Қонақтардың жасы үлкен сыйлысы бата береді. Мысалы:

 

Әуелі құдай оңдасын,

Қызыр болсын жолдасың,

Қызыр болса жолдасың,

Әр пәледен сақтасын!

Өзен-судың жағасын, 

Амандықпен қыстатсын!

Ұлытаудың көбісін,

Есендікпен жайлатсын,

Өлі-тірі әруақ,

Жұма сайын жебесін!

Мудулар болып жебесін!

Бұлбұл қонсын басыңа,

Береке берсін асыңа,

Тіпті келмей өлмеңіз,

Лұқпан хакім жасына!

Суға салған қайықтай,

Еділ менен Жайықтай,

Қайырыңыз көп болсын!

Кетпес ырыс,

Кең пейіл берсін!

Асқа адалдық,

Басқа амандық берсін!

Бізге сойған қойыңыз,

Жасап жатқан тойыңыз,

Тілегіңіз қабыл боп,

Нұрлана берсін ойыңыз.

Қозыға толсын көгенің,

Тұлпар болсын көбенің.

Түсті болсын жайлауың,  

Құтты болсын қыстауың.

Құнарлы болсын құдығың,

Қайнарлы болсын бастауың.

Арыстандай болсын айбатың,

Аюдай болсын қайратың,

Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың.

Аман болсын жан-жағың!

Аллаху  акбар!!

 

Бата аяқталған соң, малды сойып, етін асады, басын үйітеді, әбден ет былқып піскен соң ғана төре табаққа қойдың басын, жамбасын, ортан жілігін, арқасын, сүмбе қабырғасын, жауырынын, белдемесін, кәрі жілігін, ішек-қарнын, тоқ ішегін, жүрегін, бүйрегін, екі сирағын түгел табаққа салып, қонаққа бас табақ етіп тартады. Мұны қазақ бас кәдесінде «бас табақ» деп атайды. 

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір