• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:28:41
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 NEWS

Бас редакторлар клубы жемқорлықпен күрестегі БАҚ-тың рөлін талқылады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Ақпарат таратуда әдеттен тыс амалдар мен түрлі алаңдарды қолдану» атты дөңгелек үстел өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінде «Ақпарат таратуда әдеттен тыс амалдар мен түрлі алаңдарды қолдану» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шара ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен өтті, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады. 

Шараға елге белгілі БАҚ пен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа және діни экстремизмге қарсы әрекет ету барысындағы ақпарат тарату жұмыстары, БАҚ пен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің ролі, халыққа ақпарат таратудың тиімді жолдары, БАҚ пен билік өкілдерінің арасындағы іскерлік қарым-қатынасын нығайту секілді тақырыптар талқыланды.

Жиында Бас редакторлар клубының президенті Ерлан Бекхожин жемқорлықпен күресу жолдарындағы Бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне тоқталып, журналистік зерттеулер жүргізу арқылы бұл мәселелерді барынша жан-жақтылы хабарлап отыруды ортаға қойды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әлішев министрлік пен комитет тарапынан істеліп жатқан жұмыстар төңірегінде тоқталды.

Бас редакторлар клубының құрметті мүшесі Кенжеболат Жолдыбай «Жемқорлық мәселесі мұндай дөңгелек үстелде ғана айтылып, халыққа жетпей жатыр. Бізде ашықтық болуы керек. Қанша министр сотталғанымен онымен мәселе шешілмейді. Мәселе министрді соттауға дейін жеткізбеу арқылы шешіледі. Оның барлық іс-қимылдары, жұмыс бағыттары халық алдында ашық болуға тиісті. Халық қадағалап отыра алатын болуы керек. Сонда ғана шенеунікті сотталатын дәрежеге дейін жібермейді. Біздің осында айтылып жатқан сөздеріміз де, биліктің сөздері де қарапайым халыққа түсінікті түрде ашық жеткізіліп отыруы керек» ,-деді.

Сонмен қатар «Qamshy.kz» ақпараттық агенттігінің Бас редакторы Қуаныш Біләл сөз алып, соңғы кездегі министрлік тарапынан болып жатқан көңіл бөлулер мен ашықтықты жоғары бағалады. Журналитс, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті Қанат Әуесбай халыққа толықтай ақпарат жетпей жатуының себебін ресми ақпараттардың басым бағыты орыс тілінде екеніне аударды. «Қазір елімізде қазақ тілді жастар өте көп, мемлекеттік тілдің қолданысы артқан. Сондықтан да олар осы мәселені талап етелді. Бұған дейін де айтылған, шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі осы»,- дейді ол.

Шараға басқа да БАҚ жауаптылары мен тұлғалар қатысып, тақырып бойынша ойларын ортаға салды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір