Бас қаланың байырғы тұрғындары да баспанаға жарымай отыр

Бас қаланың байырғы тұрғындары да баспанаға жарымай отыр
Ⓒqamshy.kz

Ән-күй музыка сайты

Қазақ үшін заман зары – баспана. Қарапайым бұқараның: «Айлығым шайлығыма жетпейді» деген жаттанды сөзі – пәтерақыға «жылап кеткен» ақшасынан қалған жарытымсыз тиын-тебенін тілге тиек еткендегі түрі. Біздің мәймөңкешіл әріптестердің «мемлекет тарапынан анаған анадай көмек көрсетіліп, мынаған мынадай жағдай жасалды» деген сарындағы сандырағы ызалы жұрттың санасын сансыратып тастады.

Шындап келгенде, әлеуметтік жағдай жасау дегеніміз – жастар мен жасамыстарға қолжетімді пәтер беру. Бітті. Ал әлгіндей «зейнақыны көтерді, мүгедекке арба сыйлады, айлыққа шайлық қосты» шеруіндегі «жанашырлықтар» – қаңғыбастың иығына бүтін шапан жапқандай ғана әсері бар алдамшы әрекет. Зейнетақы мен жалақыға қосылған бәлен теңгені күрт көтеріліп кете қоятын су, жылу, жарық, қоқыс, газ, телефон, интернет және тұтынар тауардың түген бағасы арқылы сыпырып алатыны бесенеден белгілі. Бірақ, басында баспанасы бар адамға басқа тұрмыстық тауқымет түк те емес. Жемқор басшыларының жемсауынан артылған адал нәпақасы жұмырына жұқ бола алады. Ал шын мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету бас қаладан басталсын десек, мына мәселе тағы бас қылтитады:

үй

Астанада кірпіштері үгітіліп, қауқиған қабырғасы қақыраған апатты жағдайдағы 228 үй бар. Өткен ғасырдың 50-жылдары құрылысшыларға арнап уақытша салынса да, сол жарбиған жұтаң қалпында әлі тұр (кейбіреуі былтыр ғана сүріле бастады). Жарығы жиі сөніп, суы өшіп, байырғы тұрғындарды әбден әбігер етуде. Қыста кәріз желілері қатып қала беретіндіктен, жарытып тұрған жылуы да жоқ. Мұндай коммуналдық мәселесі өз алдына, «тарихи баспаналар» енді елеусіз жағдайға шыдамай, тұтастай омырылып тынады-ау!..

Тұрғындардың өздерінше жөндеу жұмыстарын жасап қойғандары еш пайда бермей келеді. Өйткені, ол үйлер қайта қалпына келтіруге мүлде жарамсыз. Жергілікті басшылардың «түгелдей сүріп тастап, орнына жаңадан салынып жатқан үйлерден береміз» дегендеріне 20 жылға жуықтады. Ал ондағы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін қалалық бюджеттен шамамен 40 миллиард теңге қаражат шығады екен. Әкімдік уәжіне сенсек, әзір ондай «батпан құйрық» болмай жатқан көрінеді. Сөйтіп, «Тайбурылдың шапқандағы тұяғының орны ошақтай болып омырылып қалады» деген ертегіге сенген шақшадай басымыздың мына жаңа заманның жаңа ертегісін әңкі-тәңкі қабылдап, шарадай болып отырған жайы бар.

Телеарнадан тәуір көрінетін жерлеріне қарап, былайғы бұқара «әлемге әйгілі елордамыз шынымен еңселі екен ғой» деп ойлайды. Сол жағалау солай сияқты болғанмен, оң жағалаудың оңып тұрғаны шамалы. Қаланың еңкіш тартқан бөлігі елу пайызды құрайды дегеніңе көгілдір экран әзірге сендіре қоймас. Балғымбек Имашевтің кезекті бір айтыста айтқанындай, «байлар үшін салынса левый берег, көп балалы қазаққа жер үй керек». Ал мыжырайған қос қабатты үйлер мен ішкі қабырғасы жүнтіктеліп, көгеріп кеткен жер үйдегілеріне бір бөлмелі болса да бір-бір жаңа пәтер қажет. Енді сәл шыдаса, ол да болып қалуы ықтимал екен. Қала билігі биыл Астанада көппәтерлі 150 ескі үйдің бұзылатынын уәде етіп отыр. Оның орнына 600 мың шаршы метр жаңа үйлер салу жоспарланған көрінеді. Бұл туралы жергілікті мәслихаттың алтыншы шақырылымы сессиясында елорда әкімі Әсет Исешекевтің өзі айтты.

Еске сала кетсек, Елбасының еліміздегі шағын қалаларды дамытуға баса назар аудару керектігін айтып, Үкіметке оларды дамыту бағдарламасын жасауды тапсырғаны аян. Қазақстанда қазір 87 шағын қала бар. Олардың 41-і аудандардың әкімшілік орталығы санатында. Қалған 46-сы ғана аудан орталықтарына жатпайды. Бұлардың ішіндегі өндіріспен айналысатыны – 14 қала. Ал 19 шағын қала – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтіндер. Электр қуатын өндіретін 2, ғылыми-тәжірибелік орталық саналатын 3, сондай-ақ, емдеу-сауықтыру орталықтары қызметін атқаратын 3 қала бар. Алдағы уақытта бұл қалалардың коммуналдық салаларын дамытуға мемлекет қазынасынан 6 миллиард теңге бөлінбек.

P.S. Салыстырмалы түрде қарасақ, Астана орталығындағы 228 жаман үйде тұратындарға жаңа баспана беру үшін тек қала қазынасының өзінен 40 миллиард (!) теңгедей қаржы қажет болса, еліміздегі 87 шағын қалаға білдей бір мемлекеттің бюджетінен 6-ақ миллиард теңге аударылмақ! Неге десеңіз, бұл – бірінші кезекте баспана мәселесі шешілген халықтың жоғары жақтағы дорбаға қарап ауыз ашпайтынының дәлелі. Өйткені, кеше «өкімет өлтірмейді» дейтұғын қазаққа бүгінгі өкіметің «өз күніңді өзің көр» деп отыр. Ал өз еркімен сүйек-саяқ іздеп кететін итке де бір күрке керек қой, адам түгіл!..

 

Еркеғали БОЛАТҰЛЫ

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    Сол сүреттегі үйге қанша сұрап жатыр егелері соны жазсаңдаршы маңқылдай бермей. Өлдім 200000 доллар. Бес қолымен қосып аяғында тығады ауыздарына. Қамшы сілтейді.қамшыңа сабым.

    • 3 ай бұрын

      Ол үй үшін ақша бермейді, өйткені мемлекет жарамсыз деп таныган. Орнына бір бөлмелі пәтер ғана ұсынады. Одан бас тартсан далада калдым дей бер. Сендер акиматта отырып алып айтакпен үріп қырта бересиндер просто. Халықтын жағдайы көк тиын. Біз тұрған саяжайды сүргенде де 8000 доллар берген. Ал астанадан 8000 долларға патер тауып көріңдер сендер

      • 3 ай бұрын

        ипотекаменде 25 жыл екі есе төлетіп аштан қыру халықты.

        1
        Алтайда дауыл кезінде жоғалып кеткен 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
        24/06 17:19 0 829
        2
        Неке жарамды болуы үшін...
        24/06 14:54 0 461
        3
        Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды
        24/06 14:03 0 4590
        Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды
        24/06 13:27 0 234
        Түрік ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды
        24/06 12:24 0 406

        Таныстырылғандар

        «Нұр келбетті Астана» халықаралық көркемсурет фестивалі өтеді
        «Нұр келбетті Астана» халықаралық көркемсурет фестивалі өтеді
        «Нұр келбетті Астана» халықаралық көркемсурет фестивалі өтеді
        Оған отандық қылқалам шеберлерімен қоса АҚШ, Еуропа, Ресей, Бразилия, және Азияның Жапония, Үндістан сынды елдерінен үздік суретшілер қатысады.
        11/06/2018 15:18 1 366
        "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" 2018 жылы 325,2 млрд теңге төледі
        "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" 2018 жылы 325,2 млрд теңге төледі
        "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" 2018 жылы 325,2 млрд теңге төледі
        2018 жылы Алматы қаласы бойынша емдеу мекемелерінен тегін медициналық көмек шеңберінде 94,7 млрд теңгенің қызметін сатып алу жоспарланып отыр
        11/06/2018 16:28 0 325
        Астана қаңғыбастары Елорданың 20 жылдығына тағы қуыла ма?
        Астана қаңғыбастары Елорданың 20 жылдығына тағы қуыла ма?
        Астана қаңғыбастары Елорданың 20 жылдығына тағы қуыла ма?
        Астанада үй-күйсіз жүрген адамдарды табу қиын емес.
        14/06/2018 12:15 0 1237
        Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: Ораза айт құтты-берекелі болсын!
        Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: Ораза айт құтты-берекелі болсын!
        Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: Ораза айт құтты-берекелі болсын!
        Алланың сыйы - Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
        15/06/2018 07:36 0 1823
        Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
        Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
        Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
        Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
        15/06/2018 09:28 13 1005
        Алматыда  Тоталь Энерджи Жазғы мектебі өтіп жатыр
        Алматыда Тоталь Энерджи Жазғы мектебі өтіп жатыр
        Алматыда Тоталь Энерджи Жазғы мектебі өтіп жатыр
        Мектеп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Гео-энергетика» ғылыми зерттеу орталығының базасында ұйымдастырылған
        15/06/2018 10:22 0 381
        Египетте қазақ тілін оқытатын болады
        Египетте қазақ тілін оқытатын болады
        Египетте қазақ тілін оқытатын болады
        Іргесі 1908 жылы құрылған Каир университеті Таяу Шығыстағы ең ірі «Әл-Азхар» университетінен кейін екінші орында.
        15/06/2018 17:34 0 1646
        Стивен Хокингті Дарвин мен Ньютонның қасына жерледі
        Стивен Хокингті Дарвин мен Ньютонның қасына жерледі
        Стивен Хокингті Дарвин мен Ньютонның қасына жерледі
        Лондонда белгілі физик ғалым Стивен Хокингтің сүйегінің күлін жерлеу рәсімі өтті
        16/06/2018 10:30 0 1219
        Нақты міндет - болашақ кепілі
        Нақты міндет - болашақ кепілі
        Нақты міндет - болашақ кепілі
        Аталған іс-шарада Жолдаудың 9-міндетінде жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне баса назар аударылды.
        16/06/2018 14:32 0 1447
        ОҚО-да Қымызмұрындық дәстүрі ерекше атап өтілді
        ОҚО-да Қымызмұрындық дәстүрі ерекше атап өтілді
        ОҚО-да Қымызмұрындық дәстүрі ерекше атап өтілді
        Фестивальде алғашқы болып сөз алған өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы айтулы мерекемен құттықтап, дәстүрдің мән-маңызына тоқталды
        17/06/2018 12:12 0 576
        Астанада 25 жастағы жігіт бесінші қабаттан құлап қаза тапты
        Астанада 25 жастағы жігіт бесінші қабаттан құлап қаза тапты
        Астанада 25 жастағы жігіт бесінші қабаттан құлап қаза тапты
        Алғашқы деректер бойынша, көз жұмған ер адамның жасы 25-те болған.
        18/06/2018 17:32 5 1458
        Шымкентте қайтыс болған науқас менингит жұқтырған – ДСМ
        Шымкентте қайтыс болған науқас менингит жұқтырған – ДСМ
        Шымкентте қайтыс болған науқас менингит жұқтырған – ДСМ
        Алматы облысында соңғы екі күнде үш адам менингококк жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен.
        19/06/2018 15:11 0 491
        Түркістан облысының әкімі тағайындалды
        Түркістан облысының әкімі тағайындалды
        Түркістан облысының әкімі тағайындалды
        Түрлі лауазым қызметтерді атқарған ол 2007-2010 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрі болған.
        20/06/2018 18:03 0 534
        Аргентина Хорватиядан ойсыра жеңілді (видео)
        Аргентина Хорватиядан ойсыра жеңілді (видео)
        Аргентина Хорватиядан ойсыра жеңілді (видео)
        Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды.
        22/06/2018 10:51 0 322
        Алматы ипподромы тарихи-мәдени мұралардың алдын-ала тізіміне енгізілді
        Алматы ипподромы тарихи-мәдени мұралардың алдын-ала тізіміне енгізілді
        Алматы ипподромы тарихи-мәдени мұралардың алдын-ала тізіміне енгізілді
        Алматы ипподромы мен «Сайран» автовокзалы тарихи-мәдени мұралардың алдын-ала жасалған тізіміне енгізілді
        13/06/2018 12:44 0 77