• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:52:12
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 Саясат

Бас прокурор болған Жақып Асанов қандай істерімен есте қалды?

Бас прокурор болып сайланған сәтте-ақ Жақып Асанов елде әділеттік орнату аясында өзінің қол астындағы қызметкерлеріне қатысты айқын мәлімдеме жасаған.

11 қыркүйекте ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің құқық қорғау жүйесінде ірі кадрлық ауыс-түйір жасады. Кешегі күнге дейін мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің орынбасары қызметінде болған Алик Шпекбаев ведомствоның басшысы болды. Оның бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаров ҚР Бас прокуроры болды. Ал бұрынғы бас прокурор Жақып Асанов Жоғарғы соттың төрағасы қызметіне тағайындалса, Жоғарғы соттың экс-төрағасы Қайрат Мәми Конституциялық кеңестің басшысы болды. ҚР Бас прокуроры болған Жақып Асанов несімен ел есінде қалды? «Саясат» порталы шолу жасады.

Оқыс мәлімдемелер

Бас прокурор болып сайланған сәтте-ақ Жақып Асанов елде әділеттік орнату аясында, сондай-ақ өзінің қол астындағы қызметкерлеріне қатысты айқын мәлімдеме жасаған. Өткен жылдың маусымында ол «әкесінің нұсқауымен» прокуратураға жұмысқа орналасқан қызметкерлердің тәжірибесіздігін, пайдакүнемдігін сынады. Асанов мұндай қызметкерлердің ұзаққа бармайтынын сол кезде ескерткен. 2013-2015 жылдар аралығында жасырын себептермен кемінде үш жыл жұмыс істеген 10 жас маман жұмысынан шықты.

«Қарағандыда қызметкер әйел мас күйінде көлік тізгінін алған, бұл – бір, жол апатына себеп болды – екі, ақталып шыққысы келді – үш, полицейлерге қарсы шықты. Оның прокуратура қызметкері екенін білген адамдар наразылық білдірді. Әрине, әйел жұмысынан босатылды. Алайда оның әрекеттері бүкіл прокуратураның атына кір келтірді», - деген еді Асанов.

Өткен жылдың шілдесінде прокуратура қызметкерлері бастығынан тағы да сөгіс естіді. Кадрлар бөлімі Асановтың көңілінен шықпады. «Кім болса, соны аламыз» деп қол астындағыларға шүйлікті.

«Жұмысқа кім болса, соны аламыз. Жақында ғана бұрынғы прокурор Саметов ескі формасын киіп алып, кәсіпкерді 3,5 миллионға «лақтырып» кеткен. Сондай адам прокуратурада 7 жыл қызметте болды. Ол жұмысқа қалай қабылданған? Себебі іріктеу жүйесі дұрыс емес», - деп ашуға булыққаны тағы бар.

«Прокуратура туралы» заң

Үстіміздегі жылдың мамырының аяғында «Прокуратура туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды.

Бас прокурор Жақып Асанов аталған заң жобасында жоғарғы қадағалаудың шегі мен нысаны, қызметтің негізгі бағыттары, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлердің әрекетіне қадағалау жүргізудің тетіктері нақты белгіленгенін атап өтті.

«Жалпы, заң жобасы жоғары қа­да­ға­лау­дың қағидалары мен міндеттерін түбе­гейлі өзгертпейді. Адам құқығын қорғау, заңдылықты сақтау мен құқық қорғау қызметін үйлестіру оның басты міндеті болып қала береді. Сонымен қатар, заң жобасына сәйкес мемлекеттік органдарды тексеру негіздері едәуір қысқартылатын болады», – деді Ж.Асанов.

Заң жобасында прокуратураның құқықтық актілері жүйесіне түзетулер енгізілді.

«Олар: қадағалау және ден қою актілері болып екі топқа бөлінеді де қадағалау актілерінен «алдын ала ескерту» мен «ұйғарым» алынып тасталды. Сол сияқты «Заңнамалық актіге түсіндірме берудің» де мағынасы өзгереді. Бұл акт қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде енгізілетін болады», - деген Бас прокурор.

Прокуратурадағы IT-технология

2017 жылдың қаңтарында Асанов кадрлық тағайындау жасады және нәтижесі де бірден байқалды. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бірінші рет погонсыз қызметкерді жұмысқа алды. Комитет басшысы мемлекеттік орган жұмысына инновацияны енгізген технократ Бағдат Мусин болды. Оның бастамасымен информациялық жүйе құрылды. Мақсаты – мәлімдемелер, шағымдар мен үндеулерді өңдеу жұмыстарын жеңілдету. 5 желтоқсан күні ғана құқықтық статистика комитетінің басшысы көлік жүргізушілеріне үлкен көлемдегі құжаттарды өзімен алып жүруін міндеттемеу жайлы жоспарды хабарлаған.

«Ендігі алматылық полицейлер қолына планшет ұстап жүруі мүмкін. Онда жүргізушілерге жеке куәлігінен өзге құжаттарды өзімен алып жүру міндеттелмейді», - деп жазды Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктегі парақшасына.

Қатаң кадрлық саясат

Асановтың бас прокурорлық қызметіндегі жұмыс қорытындысын осылай бағалауға болады. Өткен жылдың қазанында Қарағанды облыстық прокуратурасының басшылығы түгелдей орындарынан босатылғаны, ал бас прокуроры қатаң сөгіс алғаны белгілі. Мұндай өзегріске Қарағанды облысы прокуратурасының қызметіне түскен шағым себеп болған.

Жақып Асановтың басшылығындағы негізгі кадрлық ауысу үстіміздегі жылдың жазы мен қысында болды.

Осы жылдың тамызында бас прокурор елдің 7 облысына жаңа прокурор тағайындау жөнінде бұйрыққа қол қойды. Сонымен, Құсайын Игембаев ШҚО прокуроры болды, Марат Сексембаев Қарағанды облысы, Қостанай облысына қадағалау жүргізу үшін Тимур Сүлейменовті жіберді, Марат Қайбжанов Ақтөбе облысы, Нұрғалым Әбдіров ОҚО, Ибрагим Иманов Жамбыл облысы, Ернат Сыбанқұловты Атырау облысына жіберді.

Жыл басында Азамат Жылқыбаев Алматы облысының прокуратурасына төрағалық етті. Алматының бұрынғы прокуроры Берік Асылов СҚО прокуроры болды. Алматыға Ғабит Миразовты тағайындады. Астанада Сабыржан Бекбосыновтың зейнетке шыққанына байланысты прокурорлық лауазымға Болат Дембаев келді.

11 желтоқсанда  мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібінде қабылданды және Қылмыстық-процестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға түзетулерді көздейді.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір