• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:00:45
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 Саясат

Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен «Шелл» компаниясымен Қазақстанның мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның атқарушы директоры Бен Ван Берден басшылығымен «Роял Датч Шелл» өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен «Шелл» компаниясымен Қазақстанның мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Шелл» нидерланды-британ энергетикалық концерні 1997 жылғы 18 қарашада қол қойылған, Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім (СК ӨБК) қатысушыларының бірі.

СК ӨБК бойынша келісімшарттық аумақта мына кен орындары орналасқан: Қашаған, Қаламқас–теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір