• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:44:06
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 NEWS

Балиева зорлықтың құрбаны болуы мүмкін бала туралы жаңа деректермен бөлісті

Зағипа Балиева баламен кездесу үшін Шымкентке 14 наурызда түнгі уақытта барған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Балиева Сарыағаштағы зорлықтың құрбаны болуы мүмкін мектеп оқушысымен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кездесуден соң депутат баланың жағдайы туралы журналистерге берген сұхбатында айтып берді.

Балиеваның айтуынша, баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оған түрлі сұрақтар қоюға тыйым салу туралы шешім қабылданған.

-Тіпті балаға мен де ешқандай сұрақ қоя алмаймын. Менің міндетім – баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта оның жанында жақындары мен психолог бар. Тергеушінің нұсқауы бойынша, баланың көзінше зорлық туралы әңгіме болмауы тиіс. Бала тынығу қажет. Жағдайы жақсы, көңілді жүр. Меніңше, тағы екі-үш күн күте тұру керек», - деді Балиева.

Сондай-ақ депутат баланың анасы табылғанын әрі онымен сөйлесе алғанын айтты.

-Бала қауіпсіз жерде. Әжесі мен тәтесі жанында, мен де бармын.   Анасын тауып, сөйлестім. Олар ертең менімен Астанаға ұшады. Баланың тынығуы үшін жайлы жағдай жасау қажет. Себебі алда болатын сараптамалар  баланы күйзеліске ұшыратуы мүмкін. Мемлекеттік орган өкілдері дәрігерлер, психиатрлар және педиатрларды қамтамасыз етуге дайын», - деді ол.

Зағипа Балиева баламен кездесу үшін Шымкентке 14 наурызда түнгі уақытта барған.

Айта кетейік, «ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы Абай ауылының жеті жастағы тұрғыны зорлықтың құрбаны болды» деген хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан. 14 наурыз күні Батырбекова мен жиенін полиция ұстағаны хабарланған. Жергілікті қоғам белсендісі Дінмұхамед Артықовтың айтуынша, Батырбекова мен оның жиенін сәрсенбі кешкі сағат 20.00 шамасында Шымкент вокзалынан Алматыға жүрейін деп тұрған жерінен жиырма шақты полицей күштеп алып кеткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір