• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:05:39
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2018 NEWS

«Балиева Селтановқа қиянат жасай алмайды. Себебі...»

ОҚО Сарыағаш ауданыны Абай ауылындағы дау әлі басылмады. Қоғам белсенділері Зағипа Балиеваның отставкаға кетуін талап етіп отыр.

ОҚО Сарыағаш ауданыны Абай ауылындағы дау әлі басылмады. Қоғам белсенділері Зағипа Балиеваның отставкаға кетуін талап етіп отыр. Сонымен бірге Сапарәлі Селтанов пен Зағипа Баливаның бұрын қызметтес болғаны анықталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы Аменгелді Батырбеков өзінің фейсук парақшасына жариялады. 

Дау шыққан меткептің директоры жергілікті мәслихат депутаты Сапарәлі Селтановтың келіні екен. Ал, қайнісі болса ОҚО Ішкі істер департаментінде басшылық қызметте. 

Еске сала кететін болсақ, Сарыағаштағы оқиғаға байланысты күмән тудыратын сәйкестіктер анықталған болатын. 

Бірінші сынып оқушысын зорлады деген жеткіншектің тегі мектеп директорының тегімен сәйкес, Селтановтар екені белгілі болды. Тағы да айта кетерлігі аудандық мәслихат депутаты, жәбір көрдім деген балаға алғаш тексеріс жүргізген дәрігер-уролог және ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы да Селтановтар болып шықты.

Ашық деректер қоры да бұл мәліметті растап отыр. 7 жастағы бірінші сынып оқушысы Нұрсұлтан оқитын №74 мектеп директоры Бейбігүл Селтанова, ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы Бауыржан Селтанов және Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Сапарғали Селтанов та бір мекен-жайда тіркелгені белгілі болды.

«Баршаңызға белгілі, омбудсмен Зағипа Балиева 1996 жылдан 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшысы болды. Ал, бұл уақытта Сапарәлі Селтанов Сарыағаш ауданы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы еді. Зағипа Балиева бұл кезде жоғарыда отырып не істегені бізге белгісіз, оның үстіне қызық та емес. Ал, біздің "құрметті" Сапарәлі Селтановтың немен айналысқанын біз жақсы білеміз. Егер білмесеңіздер, бірақ білгілеріңіз келсе Yotube порталында «Сарыагаш-информ 2. Беспредельные выборы в Сарыагаше» деп аталатын видеороликті көрулеріңізге болады 8 жыл бойы бірге қызметтес болған «Балиева Селтановқа қиянат жасай алмайды», - деп жазды Амангелді Батырбеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір