• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:03:45
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2016 Дәстүр

Аяқ табақ

Аяқ табақ – қазақтың қонақ сыйлау, ас ұсыну жолында, заңында келген қонақтарды жасына, сыйына қарай реттеп отырғызады. Үлкендерге бас табақ, одан...

Аяқ табақ – қазақтың қонақ сыйлау, ас ұсыну жолында, заңында келген қонақтарды жасына, сыйына қарай реттеп отырғызады. Үлкендерге бас табақ, одан соңғыларға орта табақ, аяқ жағында отырғандарға аяқ табақ тартады. Аяқ табаққа асық жілік, төс, құйымшақ, қабырға, арқа, белдеме, сынды кәделі жіліктерді тартады. Мұны қазақ кәдесінде «аяқ табақ» деп атайды.

      Қазақ асты алаламайды.  Бірақ, бір малды кәделі жіліктерді үш табаққа бөліп салу да оңай емес. Мұндай өнер көп қонақтың, қалың ауыздың қарнын тойғызуда емес, көлдей көңілін шалқыта табуда жатыр. Осыны толық білетін, сырын терең сезінетін қонақтар да бас табақтан және орта табақтан аяқ табаққа ет ұсынады жілік береді, жөні болғанда өле жемей, бөле жеп олқылықты өз ішінен теңгеріп те кете барады. «Табақ қарық, қабақ жарық», «Гәп табақта емес, жарқылдаған қабақта» деп түсінеді, көлдей көңіл тойса, қуанса, торсықтай қарын тойғандай  етке тояды деп табақпен емес, күндей күлім қаққан қабақпен өлшейді. Еттен емес, беделді беттен таниды.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір