• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:08:55
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 NEWS

Ахметжан Есімов Виссенте Лоссерталеске ІІ дәрежелі «Достық» орденін тақты

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қорытындылары туралы сөз сөйледі.

Бүгін Парижде ұйым басшылығының қатысуымен Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас ассамблеясының 162-сессиясы өтті. Жиында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қорытындылары туралы сөз сөйледі,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

qamshy.kz

ХКБ Ассамблеясының сессиясы барысында Ахметжан Есімов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ХКБ Бас хатшысы Виссенте Лоссерталеске ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Ұлттық компанияның басшысы әлемде ЭКСПО көрмелерінің жемісті өткізілуінде ХКБ рөлі ерекше екендігін атап өтті.

«Біздің алдымызда үш басты міндет тұрды: 100 астам ел мен жеті халықаралық ұйымның қатысуын қамтамасыз ету, екі миллионнан астам келушілерді тарту мен шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру. Баршаңызға белгілі, ЭКСПО көрмесіне 115 ел мен 22 ұйым қатысты», - деді Ахметжан Есімов. 

Сонымен қатар, келушілер саны жоспарланған көрсеткіштен екі есе асты, Көрмені төрт миллионға жуық адам тамашалады. Мәселен, Қазақстанның ұлттық павильоны - «Нұр Әлем» нысанына бір миллион үш жүз мың адам келген.

«Бүгінде алдымызда тұрған мақсаттардың барлығына қол жеткізіп, міндеттерді орындағанымызды зор мақтанышпен айта аламыз. Жұмыла жұмыс істеп, жоғары технологиялы аймақ құрдық», - деп атап өтті Ұлттық компанияның басшысы. 

ЭКСПО Қазақстанның экономикалық дамуына серпін берді. Көрмеге дайындық жұмыстары және оны өткізу барысы ЖІӨ-нің 4,3%-ға өсуіне септігін тигізді. Сондай-ақ, тауар шығарылымының өсімі 70%-ға, ал туристік қызметтерге деген сұраныс 78%-ға ұлғайды.

ЭКСПО-2017 басталуына дейін, бірегей объектілерді көрме мұрасы ретінде сақтау және ыңғайлы туристік аймақты құру шешімі қабылданды.  

Естеріңізге салайық, 11 қарашадан бастап «Нұр Әлем» ұлттық павильоны, Үздік тәжірибелер аймағы, екі тақырыптық павильон және Арт-орталығы  қайтадан өз есіктерін айқара ашты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір