• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:18:35
Алматы
+35°

07 Шілде, 2018 NEWS

Ауыл шаруашылығы министрлігі ардагерлерді марапаттады

Министрліктердің ішінде Астанаға алғашқылардың бірі болып көшкен Ауыл шаруашылығы министрлігі ардагерлерді марапаттады

Министрліктердің ішінде Астанаға алғашқылардың бірі болып көшкен Ауыл шаруашылығы министрлігі ардагерлерді марапаттады. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елорданың 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде салтанатты іс-шара өтті, онда саланың ардагерлері мен еңбек сіңірген қайраткерлері «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысына 1996 жылы 24 желтоқсанда мемлекеттік органдар арасында алғашқылардың бірі болып көшірілді, сол жылдары Министрлікті С.Ш. Ахимбеков басқарып көшу жұмыстарын ұйымдастырған болатын.

Осыған орай, 60 ҚР АШМ қызметкерлері мен ардагерлері мерейтойлық медалмен марапатталды.

ҚР АШМ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір