• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:36:43
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 NEWS

Атырауда «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның бөлім бастығы пара алғаны үшін ұсталды

Атырауда «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның бөлім бастығы пара алғаны үшін ұсталды

Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұловтың хабарлауынша, 13 қазанда облыс прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлерімен «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның АОФ қызметкері ұсталды.

Облыс прокурорының мәлімдеуінше, 28 қыркүйекте  облыстық ҰҚКД-не белгісіз азамат мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұтқан компаниясымен облыстың автожолдарын жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында әртүрлі әрекет немесе әрекетсіздік жасау үшін «Қазавтожолдың» лауазымды тұлғалары тарапынан ақша қаражаттарын сұрау фактілері туралы шағымданған.

Облыс прокуратурасымен жасырын тергеу әрекеттеріне бірден санкция беріліп, нәтижесінде фактілер расталды, орындалған жұмыс актісіне қол қою үшін мердігер компаниядан делдал арқылы ірі көлемде 73 300 АҚШ долларын алу кезінде ҰҚКД-нің қызметкерлерімен «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның АОФ бөлім басшысы ұсталды. 

Ұлттық компанияның лауазымды тұлғалары келісім шарттарға қол қойған соң, мердігер компанияның басшылығынан пара түрінде ақша қаражатын сұраған.

Қазіргі уақытта күдіктілер ҚПК-нің 128 бабына сай, Атырау қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, Қылмыстық кодексінің 366 бабы, 4 бөлігіне сай (пара алу) тергеп, тексеру жүргізілуде. Қылмыстық істің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

  Ернат Сыбанқұлов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір