• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:02:03
Алматы
+35°

29 Маусым, 2018 Аймақтар

Атырау облысының Қызылқоға ауданында «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі ашылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   Елбасы Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, өшкенімізді қайта түгендеп өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында  «Рухани жаңғыру» бағытында бірқатар бағдарламалық бастамаларды қолға алғаны белгілі.  Бұл кеңсе көне дәуір тарихын зерттеп, бүгінгі ұрпаққа еш бүкпесіз жеткізуге мол мүмкіндік бермек.

Елбасы мақаласында "Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.", - деген болатын. 

Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мен жүзеге асыру бойынша көптеген шаралар қолға алынып келеді. Өткен жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру үшін Үйлестіру орталығы құрылған болатын. Сараптама кеңесінің құрамына ғалымдар, өлкетанушылар, Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облысы бойынша өкілдері мен журналистер енген. 

Ал биыл бағдарлама аясында мыңнан астам балаға білім беретін IT сыныптар мен ағылшын тілін үйрететін жазғы лагерлер жұысын бастады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір