• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:10:31
Алматы
+35°

27 Қараша, 2017 Әлем

Атамбаев «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын алды

24 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде Жээнбеков алғашқы жарлығымен-ақ Атамбаевты марапаттауға уәде берген.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен қатар «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz  ақпарат агенттігі.

24 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде Жээнбеков алғашқы жарлығымен-ақ Атамбаевты марапаттауға уәде беріп, басшылық қызметтегі жетістіктері үшін ризашылық білдірген еді. Осыдан кейін Атамбаев көзіне жас алған. 

"Қырғызстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, халық бірлігін, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, Қырғыз Республикасының тұрақты дамуына берік негіз қалағаны үшін, сондай-ақ көрсеткен саяси ерік-жігері мен батылдығы үшін Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен бірге «Қырғыз Республикасының Батыры» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі беріледі", — делінген хабарламада.

23 қарашада ұлықтау рәсімі барысында «Ата Мекен» фракциясының депутаты Сайдулла Нышанов Атамбаевқа Қырғыз Республикасының Батыры атағын беруді ұсынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір