• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:32:52
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

Атамбаев: Маған Өмірбек Бабановты қолда деп 20 млн доллар қаражат ұсынды

«Алайда ешкімге де мені және менің халқымның намысын таптауға, оны сатуға жол бермеймін», - деп кесіп айтты Атамбаев

«Маған бір шетелдік кәсіпкер келіп Бабановқа қолдау көрсет деп 20 млн доллар қаражат ұсынды», - деп мәлімдеді Алмазбек Атамбаев. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі For.kg сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мен тек шындықты айтып үйренгенмін. Сондықтан да, Өмірбек Бабановты Қырғыз елінің президентіне лайықты адам деп танығанмын. Мен оны 2005 жылдан бері танимын. Менің әйелім мен Бабановтың әйелі бір-бірімен апалы-сіңілі секілді араласады, өте жақын құрбылар. Мен 2007 жылы премьер-министр болып тағайындалғаннан соң ол менің үйімде көп уақытын өткізетін. Ал мен бұл қызметтен кеткеннен соң, Бабанов 3 жылға жоғалып кетті. Сөйтіп 2010 жылы қайтадан пайда болды, ол адамдармен тез тіл табысып, өзіне баурай алады. Шынымды айтар болсам, 2010 жылы мен оған көп көмектесіп, біршама мәселелерін шешіп берген болатынмын. Ашығын айтайын, Өмірбек Бабанов маған цемент зауытына қатысты Ресейге 15 млрд сома қарыз мәселесімен келген кезінде оны Дмитрий Медведев арқылы шешіп бердім, құжаттар бар», - дейді Алмазбек Атамбаев.

Оның айтуынша, екі отбасы бір-бірімен өте жақсы қарым-қатынаста болған. Бұл жағдай 1,5 ай бұрын мүлде өзгеріп кетіпті.

«1,5 ай бұрын кенеттен Бабанов маған күйе жаға бастады, ол мені «аби» деп атайтын, бұл сөз түрік тілінен аударғанда аға деген мағынаны білдіреді. Менің жолымды қуамын деп жүрген Бабанов мүлдем өзгеріп, басқа бағытқа қарай бұрыла бастады. Сосын бір шетелдік кәсіпкер кеоіп маған Бабановқа қолдау көрсетсін деп 20 млн доллар ұсынып отыр. Мен бұл әлемде сатып алуға болмайтын заттар бар екенін айттым. Мен көп алданамын, өте сенгіш адаммын және Қырғыз халқы да дәл мен секілді», - дейді ол.

«Алайда ешкімге де мені және  менің халқымның намысын таптауға, оны сатуға жол бермеймін», - деп кесіп айтты Атамбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір