• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:00:30
Алматы
+35°

30 Маусым, 2018 Экономика

Астанада «Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел» форумы өтеді

Форумды ҚР премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев үкіметте экономикалық мәселелер бойынша маманданған жетекші лауазымды тұлғалардың қатысуымен жинап отыр.

Биыл 3 шілдеде Астанада «Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел» форумы өтеді. Форумға халықаралық сарапшылар мен Қазақстан үкіметі қатысады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

500-дей ұйым өкілдері шақырылған бұл форум халықаралық және қазақстандық жоғары деңгейдегі коммерциялық және қаржылық директорлар, инвесторлар,  пікір көшбасшылары мен халықаралық БАҚ өкілдері қатысатын эксклюзивті жиын. Форумды Қазақстан Республикасының премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев үкіметте экономикалық мәселелер бойынша маманданған жетекші лауазымды тұлғалардың қатысуымен жинап отыр. Негізгі мақсаттары:

жаңа оқиғаларды зерделеу және елде іскерлік орта қалыптастыруға атсалысу, сонымен қатар Қазақстанның жаңа буын жас ұрпағын дамытуға белсенді қатысу;

«Жаңа Жібек Жолы» және басқа өңірлік бастамалар үшін әзірленген материалдық-техникалық базаның ауқымды құрылысын капиталдандыра отырып, нақты жобалар әзірлеу және оларды орындау;

Президент Назарбаевтың 3.0 «Модернизация» саясатында аталған үкіметтің жаңа инвестициялық саясаты бойынша жан-жақты түсінік алу.

НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАН?

-  Халқының жалпы саны  183 миллион және ЖІӨ (СҚПбойынша) 4 триллион АҚШ долларын құрайтын ірі және салыстырмалы түрде қолайлы ЕАЭО нарығына Қазақстан жеңілдетілген қолжетімділік ұсынады;

- өзінің бірегей геоэкономикалық орналасуының арқасында Қазақстан Орталық Азия елдерінің дамуына жаңа серпін беру үшін ең алдыңғы позицияда тұр, бұл Қытай мен ЕО елдері арасында анағұрлым тиімді байланыс орнату мақсатында іске асырылып жатқан Қытайдың «Жаңа Жібек Жолы» бастамасымен байланысты

- Қазақстан бұл тенденцияларға озық өндрістік технологиялардың (сұраным бойынша өндіру, 3D құрағыш бұйымдар өндірісі, қорларды жасанды интеллект көмегімен басқару және т.б.) инвестициялық әлеуетін ашуға бағытталған кешенді экономикалық бағдарламаларды іске асырумен жауап беруде, бұл бағдарламалар агроөнеркәсптік дамуды кеңейтуге, дайын өнімдер шығаруға және т.б. – яғни жаңа жаһандық жеткізілімдер тізбегі үшін заманауи өндірістік алаң құруға бағытталған.

БҰЛ ФОРУМ КЕЛЕСІ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҰСЫНАДЫ:

Елдің іскерлік ортасындағы жаңа әзірленімдерді зерттеу, сонымен қатар келешек ұрпақты қалыптастырудың қазақстандық бағдарламасын қолдау және оған белсенді қатысу;

«Жаңа Жібек Жолы» сияқты өңірлік бастамаларға негізделген көлемді логистикалық инфрақұрылым құрумен байланысты нақты жобаларды іздеу және іске асыру

Президент Назарбаевтың «Модернизация 3.0» саяси платформасымен, жекешелендіру шараларымен, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы» бастамасымен және осылармен байланысты іскерлік мүмкіндіктермен нығайтылған Үкіметтің жаңа инвестициялық стратегиясы туралы толыққанды түсінік қалыптастыру.

 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір