• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:50:36
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2018 NEWS

Астанада бірнеше көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

«Астана су арнасы» су құбыры мен канализация желілерін, құдықтарды өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін айналасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қалада жыл сайын асфальт жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүреді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана су арнасы» су құбыры мен канализация желілерін, құдықтарды өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін айналасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Автомобиль жолдарын орташа жөндеу Мәңгілік ел жол бөлігінде «Марал» көпірінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін , Тұран даңғылы учаскесінде Қорғалжын тас жолы даңғылына Қабанбай батыр к-сіне дейін, Арай көшесі учаскесіндегі Жауқазын көшесінен Космонавтов к-сі дейін, М. Жұмабаев учаскесінде Б. Момышұлы даңғылынан Қ. Мұнайтпасов көшесіне дейін, Аққұм көшесі бойында Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Еңбекшілер көшесіне дейін, Күлтегін көшесі бойында С. Жүнісов көшесінен М. Лермонтов көшесіне дейін, Желтоқсан көшесі учаскесінде С. Сейфуллин көшесінен Мәскеу көшесіне дейін, Абай даңғылы учаскесінде Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейін, Керей-Жәнібек хандар учаскесі бойында Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін, Б. Бейсекбаев көшесі бойында Абай даңғылына Б. Жиенқұлов көшесіне дейін, М. Лермонтов көше учаскесінде Күлтегін көшесінде С. Жиенқұлов көшесіне дейін, Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан учаскеде Достық көшесінен Д. Қонаева көшесіне дейін. Сондай-ақ, А. Пушкин көшесі учаскесінде К. Циолковский көшесінен бастап Абай даңғылына дейін, Кенесары көшесінен Тәшенов көшесіне дейін, Ш. Құдайбердіұлы көшесі учаскесінде А. Пушкин көшесінен Ғ. Мұстафин көшесіне дейін маршруттық әдіспен жөнделеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір