• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:43:04
Алматы
+35°

16 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Бұл мереке халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраттарымен сабақтасып жатқанымен де құнды.

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық таңының атқанына биыл жиырма алты жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астам уақытта еліміз Елбасымыздың көреген саясатының арқасында биік белестерді бағындырып, толайым табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіз еліміз бен елордамыздың өсіп-өркендеуі, атқарылған іргелі істер – жетістіктеріміздің айқын айғағы.

Ел мерейін асқақтатқан ілкімді де игі жұмыстарға қарапайым азаматтардың да қосқан үлесі зор. Сондықтан Тәуелсіздік күні шын мәнісіндегі жалпыхалықтық мереке. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, берекеміз баянды болғай.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!" - делінген хабарламада. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір