• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:38:04
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Ғылым-білім

Астана медицина университетінен 117 студент шығарылды

Ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталды.

Астана медицина университетінің 117 студенті жалған IELTS сертификатын сатып алғаны үшін оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астана медицина университетіндегі шуға қатысты өз пікірін білдірді. 

«Былтыр біз Астана медицина университетінің жұмысын тексеріп, жалған IELTS сертификаттарын сатып алған студенттерді оқудан шығару бойынша тапсырма бердік. Бұл нұсқама ішінара орындалды. Студенттердің бір бөлігі өздерінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінді. Нұсқама орындалуы тиіс. Студенттерді оқудан шығаруын дұрыс шешім деп санаймыз», - деді Сағадиев.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен және университетпен бірігіп комиссия құрмақшы. Министр оқу орны мен студенттерге қатысты қандай құқықтық қадамдар қабылдау керектігін талқылау маңызды екенін айтады. 

Алдағы уақытта аталмыш мәселе бойынша басқа да оқу орындары тексеріледі. Ал студенттер тарапынан жалған IELTS сертификаттарын алуы фактісі бойынша құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, былтыр IELTS-ты өз білімімен тапсырғандар шағым түсірген. Соның нәтижесінде ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір