• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 21:57:22
Алматы
+35°

30 Қараша, 2017 NEWS

«Ашық бюджет – ашық қоғам» атты Республикалық айтыстың өтуіне бөгет жасалды

«Қазақконцерт» ұжымы министрліктің іс-шарасы өтетінін алға тартып, келісімшартты бұзды.

 «Медиа орда» қоғамдық қоры мен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының» ұйымдастыруымен  2017 жылдың 4 желтоқсан күні сағат 14:00-де «Қазақконцерт» залында өтетін «Ашық бюджет – ашық қоғам» атты Республикалық жас ақындар айтысы кейінге (уақыты белгісіз) шегерілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алдын-ала келіскен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының басшылары да, «Қазақконцерт» залы басшылары да алғашқыда айтысты өткізуге қолдау білдіріп, келісімшартқа отырып, залдың жалға беру қаржысын алып, соңынан, қолдау білдіре алмайтындарын жеткізді. Келісімшартты үзіп, себеп салдарын түсіндіріп, қаржыны қайтарған.

Теxникалық ақауларды алға тартып, айтысты өткізуге ешқандай мүмкіндік жоқ екенін түсіндірген «Алатау» дәстүрлі өнер театр басшылары басқа шараларды ойдағыдай өткізіп жатыр. Ал, «Қазақконцерт» ұжымы министрліктің іс-шарасы өтетінін алға тартып, келісімшартты бұзды. 

«Театр басшыларының айтысқа деген құрметінің болмағандығынан дәстүрлі өнер өгей баланың күйін кешіп жүргендей әсерде қалдық. Халық айтысты сүйген, сондықтан айтыстың жолына ешкім бөгет бола алмайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дамыған отыз елдің қатарынан көрінуді нықтап тапсырғаны есімізде. Ашық, әділ қоғаммен алысқа жетуді мұрат еткен мемлекет басшысының көреген жоспарын Қазақстан халқы абыроймен орындап шығудың жолында. Тек, кейбір басшылар мұны теріс түсініп, оған барынша кедергі болуда.

Жас айтыскерлердің ел өркендеуіне өз үлесін қосып, әзіл-қалжыңы аралас, тура сөзімен, шыншыл импровизациясымен xалық сүйген әдемі айтысты алдағы күндер еншісінде өткізетінін xабарлаймыз», - дейді айтысты ұйымдастырушы  «Медиа орда» қоғамдық қоры мен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының» ұжымы.

 Ақындар айтысының мақсаты: 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің озық отыз елінің қатарынан көрінуге берген тапсырмаларын насихаттау;

Халыққа адал қызмет ету, тура жолды дәріптеу;  

Айтыс өнеріне қолдау көрсету; 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын паш ету;  

Елдің дамуын, халықтың әл-ауқатының артқанын, сөз бостандығын, еркін ойлы азаматтарға арналған қоғамның қалыптасуы төңірегінде ойлармен бөлісу;

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір